09 наурыз 2019 11:46

"Жас әлем аруы - 2017" байқауының жеңімпазы 19 жасында қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ad.nl © ad.nl

"Жас әлем аруы - 2017" жеңімпазы, голландиялық модель қыз Лотте ван дер Зее 19 жасында туған күніне бір күн қалғанда жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұл туралы оның ата-анасы қыздарының Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. 

Оқиға 6 наурызда болған. "Біздің жақұтымыз, біздің сүйікті Лотте бақилық болды. Біздің жүрегіміз жаралы. Қолдап жатқандарға алғыс айтқымыз келеді", - делінген ата-анасының үндеуінде. 

Қыз бала Австриядағы тау шаңғысы курортында демалыс кезінде өзін жайсыз сезінген, онда ол отбасымен бірге болған. The Sun мәліметінше, бір күн бұрын ол түнде достарымен кездескен. Ол жақсы көңіл-күймен оралған және бір жері ауырып тұр дейтіндей болмаған. 

Келесі күні таңертең Лотте таңғы асқа шықпады, ата-анасы оны тексермекші болған уақытта, оның ауырып жатқанын көрген. Көп ұзамай ван дер Зее жүрек ұстамасынан қайтыс болған. 

Жергілікті дәрігерлер оны жасанды комаға орналастырып, Мюнхендегі ауруханаға жеткізген, алайда қыз бала сол жерде қайтыс болған. Жүректің тоқтау себебін анықтау үшін сараптама жүргізіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети