Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 324.98
EUR / KZT - 378.34
CNY / KZT - 48.01
RUB / KZT - 5.53

Қазақ қызы Қытайда "Ұлт аруы" атанды

20 Қаңтар 2014, 15:07
0
Күнбике Нұрқызы. Сурет "Қазақстан" телеарнасынан алынды
Күнбике Нұрқызы. Сурет "Қазақстан" телеарнасынан алынды
Күнбике Нұрқызы атты қазақ қызы жуырда өткен бүкілқытайлық қыз сыны байқауының бас жүлдесін жеңіп алды. Негізі бұл байқау Қытайда тұратын түрлі ұлт өкілдері арасында жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл туралы Tengrinews.kz сайты "Қазақстан" ұлттық арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Қытайлықтарды таңдай қақтырған қазақ аруы басына тәж киіп, "56 ұлттың гүлі" деген атаққа ие болды. Күнбике қазақ, қытай және ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Сонымен бірге ол домбыра тартады, ән салып, би билейді және таэквондомен шұғылданады. Мұның алдында қазақ қызы "Шыңжаң Ұйғыр автономды аруы" байқауына да қатысып, ең әдемі ару атанған. Қазір ол Қытай телеарналарының бірінде тележүргізуші болуды армандайды.

"Қаншама ұлттың алдында қазақ халқының бар өнерін көрсеткеніме қуаныштымын. Мен қазақтың өнерін, мәдениетін көрсету үшін бұл байқауға ұзақ дайындалдым. Осының нәтижесінде бас жүлдеге қол жеткіздім. Бұл мен үшін зор қуаныш", дейді Күнбике Нұрқызы.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай