04 желтоқсан 2014 11:28

"Қазақстан аруы-2014" байқау үшін жұмысы мен жігітінен бас тартқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан аруы 2014" Регина Вандышева. ©Дмитрий Хегай "Қазақстан аруы 2014" Регина Вандышева. ©Дмитрий Хегай

ТengrinewsTV редакциясына келіп сұхбат берген "Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышева өзінің жеңісі туралы айтты. Жыл сайынғы "Қазақстан аруы" байқауының биылғы ақтық сыны 28 қарашада Алматы қаласындағы Республика Сарайында өткен болатын. Еліміздің әр өңірінен келген 33 арудың ішінен "Алматы аруы" Регина Вандышева жеңімпаз атанды. 


ТengrinewsTV редакциясына келіп сұхбат берген "Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышева өзінің жеңісі туралы айтты. Жыл сайынғы "Қазақстан аруы" байқауының биылғы ақтық сыны 28 қарашада Алматы қаласындағы Республика Сарайында өткен болатын. Еліміздің әр өңірінен келген 33 арудың ішінен "Алматы аруы" Регина Вандышева жеңімпаз атанды. 

"Маған қолдау көрсеткендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді, енді ел намысын Дүниежүзілік байқауда лайықты сақтап шығуға тырысамын", - деді ол.

"Жеңістен үміттілер аз болған жоқ, сондықтан топты жарып шығу үшін қандай ерекшелікті қолдандыңыз?" деген сұраққа ол - "дарындылығымды" деп жауап берді. Регинаның айтуынша, адамның түр әлпетімен қоса ішкі жан дүниесі де сұлу болуы тиіс. "Мен әрдайым күлімдеп жүремін, мейірімдімін және ашық мінездімін", - дейді ару қыз.

Байқауда сахнаға шыққан қыздардың барлығының ерніне ашық қызыл түсті далап жағылды, оны бәрі де байқады, тек Регинаға ғана бәсең түсті, білінбейтін далап жағылған. Мұның себебін сұраған тілшіге ол "Менің сұлулығым - табиғи сұлулық. Сондықтан да болар олар менің табиғилығымды көрсеткілері келді, менің ернім онсыз да томпақ", - деп күлді.

Регина Вандышева байқау үшін бірталай құрбандыққа барған. Сұхбат барысында ол байқау үшін жұмысынан шығып, тіпті жігітімен қарым-қатынасын үзгенін айтты. "Жұмыстан шыққаным үшін өкінбеймін, бәрі алда, бәлкім, тағдыр шығар. Одан бөлек, неше күн бойы биік өкшелі аяқ киіммен ғана жүрдік, кроссовкалардан бас тарттым, мен үшін бұл өте қиын болды", - дейді ол.

Регина - отбасындағы ең кенже бала, бір әпкесі мен ағасы бар. Ата-анасы ол үш жаста болғанда ажырасып, "бізді анамыз өсіріп, жеткізді", - дейді ол. Ал "Өмірдегі ең қымбат сыйлық деп нені есептейсіз?" деген сұраққа ол, "Өмірдегі ең қымбат сый - отбасын құрып, өмірге сәби әкелу, жақын екі жылда тұрмысқа шыққым келеді", - деп жауап берді ол.

"Қазақстан аруы-2014" Регина Вандышева қазір Санкт-Петербург гуманитарлық университетінің бесінші курсында оқиды, болашақ экономист-менеджер.  

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети