09 наурыз 2019 15:20

"Қазақстан аруы" байқауының тарихындағы ең сұлу қыздар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлажы Tengrinews.kz фотоколлажы

"Қазақстан аруы" ұлттық байқауы 20 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. "Ең әдемі" атағына лайықты болу және "Әлем аруы" және "Ғаламшар аруы" байқауларында Қазақстанның атынан өнер көрсетуді көптеген қыздар армандайтыны белгілі. Алайда жыл сайын жеңімпаз біреу ғана болады. Tengrinews.kz тілшісі кімдерге тәжді кию бағы бұйырғаны туралы еске салады. 


"Қазақстан аруы" ұлттық байқауы 20 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. "Ең әдемі" атағына лайықты болу және "Әлем аруы" және "Ғаламшар аруы" байқауларында Қазақстанның атынан өнер көрсетуді көптеген қыздар армандайтыны белгілі. Алайда жыл сайын жеңімпаз біреу ғана болады. Tengrinews.kz тілшісі кімдерге тәжді кию бағы бұйырғаны туралы еске салады. 

Сәуле Рахмедова (1989)

"Қазақстан аруы" байқауының ең бірінші жеңімпазы - Сәуле Рахмедова. 1989 жылы байқауға 19 жасында келді. Сол кезде қыз Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балерина болып жұмыс істеді. Байқаудан кейін ол Мәскеуде өз бағын сынауға кетті, бүкіл әлем бойынша гастролдік сапарға шықты. Қазақстанға оралғаннан кейін ол бірнеше фильмдерге түсіп, теледидарда ән байқауына қатысты. Қазір ол Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, белгілі балерина. Сәуле Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында балет спектакльдерінде өнер көрсетеді, сондай-ақ жас дарындарды жаттықтырады. Танымал балерина 2016 жылы тұрмысқа шықты. Ұл тәрбиелеп отыр.

Жәмиля Бисембиева (1997)

1997 жылы Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы "аруы" атағына 20 жастағы студент Жәмиля Бисембиева ие болды. Қыз бала модель мансабын жалғастырғысы келмеді және қарапайым жұмысқа орналасты.

Дана Төлеш (1998)

1998 жылы 17 жастағы оқушы Дана Төлеш "Қазақстан аруы" атағын жеңіп алды. Ол әділ-қазылар алқасын ерекше жымиуымен таң қалдырды. Сұхбатта Дана байқауға қатысу - өмірлік шытырман оқиға болды деп атаған. Қазір ол табысты кәсіпкер, әрі үш баланың анасы.

Әсел Исабаева (1999)

1999 жылы еліміздің "ең әдемі" қызы атағын Әсел Исабаева иеленді. 

Маргарита Кравцова (2000)

2000 жылы еліміздің бас сұлуы атағын Алматы тұрғыны Маргарита Кравцова жеңді. Бұл қыздың жалғыз тәжі емес еді - 2000 жылы ол Ұлыбританиядағы "Әлем аруы" байқауында вице-ару атанды. Байқаулардан кейін алматылық қыз біраз уақыт шетелде тұрды. Содан кейін Қазақстанға қайтып оралып, "Тонаушылар Олимпиадасы" атты картинаға түсіп, теледидарда жұмыс істеді. Қазір үш қыз тәрбиелеп отыр.

Гүлмира Махамбетова (2001)

2001 жылы "Қазақстан аруы" атағын Астана қаласының өкілі Гүлмира Махамбетова жеңіп алды. Сол кезде ол 16 жаста болатын. 

Ольга Сидоренко (2002)

"Қазақстан Аруы-2002" байқауында шымкенттік қыз Ольга Сидоренко тәжге ие болды. Ол еліміздің басты сұлуы атағын жеңіп алып, "Әлем аруы" байқауында өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Ольга көптеген жарнамаларға түсті және Еуропаның көптеген сәнді үйлері жұмыс істеуге шақырды, бірақ қыз бас тартты. Ол тұрмысқа шықты, қазіргі уақытта бала тәрбиесімен айналысады.

Сәуле Жүнісова (2003)

2003 жылы тәжді павлодарлық 16 жастағы Сәуле Жүнісова алып кетті. Модельдік кәсіптегі мансабын қыз жалғастыра алмады. Оқуын аяқтап, ол заңгер болып жұмысқа орналасты. 

Александра Казакова (2004)

2004 жылы өскемендік Александра Казакова сұлулық байқауында жеңіске жетті. Қыз Ресей мен Түркияның модельдік агенттіктерінде жұмыс істеді. Туған қаласына оралып, тұрмысқа шықты.

Дина Нұралиева (2005)

Шымкенттің 20 жастағы студенті Дина Нұралиева 2005 жылы өткен байқауда жеңіске жетті. "Шымкент Аруы" байқауының ұйымдастырылуымен айналысты. 

Гауһар Рахметәлиева (2006)

2006 жылы тәжді Атыраудан келген 19 жастағы қыз Гауһар Рахметалиева иемденді. Қыз бала тұрмысқа шығып, бала тәрбиелеп отыр. 

Альфина Насырова (2007)

Алматылық Альфина Насырова "Қазақстан Аруы-2007" жеңімпазы атанды. Жеңістен кейін қыз бірнеше халықаралық сұлулық байқауларына қатысты.

Ольга Никитина (2008)

"Казақстан Аруы -2008" атағына қарағандылық Ольга Никитина лайық болды. 

Сымбат Мадиярова (2009)

2009 жылы өткен байқауда алматылық Сымбат Мадиярова жеңіске жетті.

Жанна Жұмалиева (2010)

 23 жастағы Орал қаласының студенті Жанна Жұмалиева "Қазақстан Аруы -2010" атанды. Қыз бала бірнеше сұлулық байқауына қатысты. "Әлем аруы" байқауында ол "Модель аруы" атағын жеңіп алды.

Айнұр Төлеуова (2011)

2011 жылы Талдықорғанның 16 жастағы оқушысы Айнұр Төлеуова жеңіске жетті. Ол "Әлем Аруы-2013" байқауына қатысты. Қыз бала тұрмысқа шығып, бала тәрбиелеп отыр. 

Жазира Нұрымбетова (2012)

2012 жылы еліміздің сұлулылық байқауының тәжін шымкенттік 21 жастағы Жазира Нұрымбетоваға бұйырды.

Айдай Исаева (2013)

2013 жылы осы атағы медицина университетінің 24 жастағы студенті Айдай Исаеваға бұйырды. Қыз ауруханада отбасылық дәрігер болып жұмыс істеді. 2015 жылы "Әлем аруы" байқауына қатысқаннан кейін ол тұрмысқа шықты. Қазір Айдай Исаева Алматыда тұрады және екі бала тәрбиелеп отыр. 

Регина Вандышева (2014)

Алматылық Регина Вандышева "Қазақстан Аруы-2014" атағын жеңіп алды. Қыз қазылар алқасын тек өзінің сұлулығымен ғана емес, спорттық жетістіктерімен де тәнті етті. Регина - жеңіл атлетикадан Қазақстан біріншілігінің жүлдегері. Ол "Әлем аруы" байқауында үздіктер қатарына еніп, "Әлем Аруы-2015" спорттық байқауында төртінші орынға ие болды.

Әлия Мергенбаева (2015)

Ақтау тумасы Әлия Мергенбаева "Қазақстан Аруы" тәжін 2015 жылы ұтып алды. Бұл сайыста ол кітап оқымағанымен есте қалды. Бұл туралы ол сахнада мойындады.

Гүлбану Әзімхан (2016)

"Қазақстан Аруы-2016" атағын Қызылорда қаласының медициналық колледжінің студенті Гүлбану Әзімхан иеленді. Ол 2017 жылы Қытайда өткен "Әлем Аруы" байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетті. 

2017 жылы ұйымдастырушылар байқауды өткізу күнін 2018 жылдың наурыз айына ауыстырды. Осылайша, 2017 жылы сұлулық ханшайымы таңдалмады.

Әлфия Ерсайын (2018)

Келесі "Қазақстан аруы" атыраулық 16 жастағы Әлфия Ерсайынға бұйырды. Модельдер мектебіне ол 13 жастан бері өнер көрсетіп келеді. Бастапқыда оның ата-аналары подиумға әуестенуге қарсы болды, бірақ кейін ол келісім берген. Қыз бала "The Эфир" жобасында тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат берді.

Айта кетейік, "Қазақстан Аруы-2019" байқауы 2 мамырда Астанада өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети