10 сәуір 2017 13:00

Қазақстандық 18 жастағы қыз Үндістанда өтетін "Supermodel-2017" байқауына қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эйлем Ахметова. © Velada Models Эйлем Ахметова. © Velada Models

Қазақстандық 18 жастағы модель Эйлем Ахметова Үндістанда өтетін Supermodel International халықаралық байқауына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Velada Models модельдік агенттіктің PR-қызметіне сілтеме жасап.

Supermodel International-2017 байқауының 12-22 сәуір аралығында өтетіні айтылады. Байқауға бүкіл әлемнен 40 қыз қатысады екен. Ал байқаудың соңында қалған 15 модельдің ішінен байқау жеңімпазы анықталады.

Айта кетейік, 18 жастағы Эйлем Ахметова Алматыда дүниеге келген және осында тұрады. Ол есепші мамандығын тәмамдаған. Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін еркін меңгерген.

Supermodel International байқауы жыл сайын өтеді. Ол танымал Supermodel of Asia Pacific 2011 байқауының негізінде өткізіледі екен. Байқауға бүкіл әлемнің модельдері қатысады.

Айта кетейік, былтыр "Супермодель-2016" атағын Малайзия өкілі Жозефина Тан жеңіп алған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети