Қазақстандық ару халықаралық байқаудың финалына шықты

22 Ақпан 2017, 16:43
0
Қазақстандық ару халықаралық байқаудың финалына шықты -

Қазақстандық ару Рената Нұрғазина Queen of Brilliancy International 2017 халықаралық байқауының финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, байқау Тайваньда өтіп жатыр. Онда 60 елдің арулары қатысты. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 35 елдің аруы келесі кезеңге өтті. Ал екінші кезеңде 35 арудың 15-і ғана қалды. Олардың қатарында қазақстандық Рената Нұрғазина да бар. Сондай-ақ, финалға Корея, Румыния, Моңғолия, Португалия, Венесуэла, Оңтүстік Африка, Малайзия, Франция, Перу, Нидерланд, Ресей, Конго, Татарстан және Польша арулары өтті.

"Мұнда сұлу қыздар өте көп, 60 елдің арулары жүр! Қазақстан осындай халықаралық байқауға бірінші рет қатысып жатыр", - дейді Нұртазина. Енді 28 ақпанда қазақстандық ару финалда өнер көрсетеді.

Айта кетейік, Рената Нұртазина 19 жаста. Ол қазіргі уақытта Қарағандыдағы университеттердің бірінде биолог мамандығы бойынша оқып жатыр. Сондай-ақ, 19 жастағы Рената "Қазақстанның екінші вице-аруы" титулына ие.

© Дүниежүзілік сұлулық конгресі


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай