18 қыркүйек 2017 18:43

Қазақстандық ару Малайзияда өткен Miss Cosmopolitan байқауының қазылар алқасын таңдай қақтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақтың ұлттық көйлегі Малайзияда өткен Miss Cosmopolitan конкурсының финалында үздік атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақтың ұлттық көйлегі Малайзияда өткен Miss Cosmopolitan конкурсының финалында үздік атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куала-Лумпурда Miss Cosmopolitan World 2017 байқауының финалы өтті. Еске салайық, байқау 1 қыркүйекте басталған еді. Miss Cosmopolitan атағына әлемнің 50 аруы таласқан. Қазақстанның атынан семейлік 24 жастағы Алуа Әзілханова қатысты. Ол 100 үміткердің ішінде іріктеліп шықты. Ару Семейде университеттің жастар ісі жөніндегі маманы болып қызмет етеді, мұнымен қатар магистратурада оқиды. 

Алуа Әзілханова байқау финалына өтіп, "Үздік ұлттық киім" аталымында үздік бестікке енді, ал финалда жеңімпаз атанды. Ақ оюы бар көк көйлек Алматыда арнайы тапсырыспен тігіліпті. Бас киім шебердің қолынан шыққан. 

Қазақстандық ару үздік үштікке кіруден үмітті болғанын, бірақ "Үздік ұлттық киім" аталымында жеңімпаз болғанына да өте қуанышты екенін айтты. "Аталымда жеңіске жету - зор жетістік. Бірақ іштей ұлттық киім аталымында біздікі үздік болатынын сездім. Әдемі силуэт пен оны дұрыс көрсете алғанымның арқасында осындай сәттілік болды. Үштікке кіріп, вице-ару атанғым келген еді. Бірақ мен өмірімде қандай да болсын жетістікке қуана білетін адаммын. Ең бастысы - отаныма құр қол қайтпаймын. Бұл байқауға қатысқанымның арқасында тәжірибе мен кәсіби біліктілік алдым, жаңа құрбыларым да бар", - деп бөлісті әсерін Алуа. 

Ол конкурс аяқтала сала Қазақстанның атынан осындай жобаларға қатысуға шақырту түсіп жатқанын айтып отыр. Бұл конкурста Индонезия аруы жеңімпаз атанды. 


Суреттер Әзілханованың жеке мұрағатынан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети