29 қыркүйек 2016 16:26

Қазақстандық ару іш киім өндіретін әлемдік брендтің жарнамасына түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық қыз әлемдік іш киім өндірушісінің жарнамасына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, қарағандылық Элина Федоренко іш киімнің бұл брендін кездейсоқ көріп қалған екен.


Қазақстандық қыз әлемдік іш киім өндірушісінің жарнамасына түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, қарағандылық Элина Федоренко іш киімнің бұл брендін кездейсоқ көріп қалған екен.

Бір күні қыз дүкендердің біріне келіп, іш киім сатып алған. Элинаның айтуынша, ол сол кезде-ақ өзінің осы маркалы іш киімдерді жарнамалауы мүмкін екенін сезген. Айта кетейік, Элина Федоренко Қытайда 2014 жылы тұрмыс құрған қыздарға арналған байқауда ең сұлу қыздардың бірі болып танылған еді.

"Бұл дүкен Қазақстанда ең бірінші рет Қарағандыда ашылды. Мен бұл дүкеннен маған қатты ұнаған іш киімді сатып алған едім. Ол жайлы әлеуметтік желілерде де жазған болатынмын. Әрине, түрлі пікірлер айтылды. Бірде маған осы брендтің өкілдері хабарласты. Олар менің сол дүкеннің сатып алушысы екенін көріп, менімен хабарласпақшы болған екен. Содан олар маған осы марканың іш киімдерін таныстыратын өкіл болуды ұсынды", - деді Элина.

Қарағандылық Элина бірінші фотосессиясын өткізіп үлгерді. Таяуда Элина Федоренконың суреттерін сән журналдарынан көруге болады. 

"Еуропада бұл брендтің дүкендері көп. Біз брендтің өкілдерімен Қазақстанда іш киімдерді таныстыруымнан басқа әлемнің түкпір-түкпірінен дүкендерді ашуға көмек беретінім жайлы келістік. Әр ашылған дүкен үшін маған 1000 еуро көлемінде ақша төлеуге уәде берді", - деді Элина.

Айта кетейік, қарағандылық қыз сәнді шаш жасайтын мектепте сабақ беріп әрі сол мектепті өзі басқарады екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети