08 шілде 2015 12:33

Қазақстандық дизайнер Монакода өткен сән апталығында өз топтамасын ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Қазақстандық дизайнер Айнур Тұрысбек Монакода өткен сән апталығында өз топтамасын ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның өзі айтып берді. Осы сән апталығында ресейлік танымал дизайнерлер Цигаль, Белла Потемкина, Игорь Чапурин де өздерінің киім үлгілерін таныстырды.

Көктем-Жаз 2016 коллекциялары Монаконың океанографиялық залында болды. Іс-шараны Монако сән палатасы қалалық мэр және биліктің қолдауымен ұйымдастырды.

"Менің топтамамдағы басты ерекшелік - былғары теріні перфорациялаудың конструктивті жаңа шешімі мен көрсетілімнің салыстыра отырып пішілген концепциясы. Жібектен тігілген көйлек пен жазғы кеудеше, былғары белдемше байкерлерге арналған бас киіммен ерекше үйлесім тапты. Бұл топтаманы жаңа стиль деп атауға болады", - деді Тұрысбек.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети