26 мамыр 2016 16:39

Қазақстандық модель Miss FashionTV-2016 байқауына ел атынан қатысып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Карина Шмайхель Карина Шмайхель

Andres агенттігінің моделі Карина Шмайхель Кипрде өтіп жатқан халықаралық Miss FashionTV-2016 байқауында ел намысын қорғап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Andres агенттігінің моделі Карина Шмайхель Кипрде өтіп жатқан халықаралық Miss FashionTV-2016 байқауында ел намысын қорғап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бойжеткен 2012 жылы Miss FashionTV Kazakhstan титулын иеленген. Каринаның модель бизнесінде жүргеніне 9 жыл болыпты. Сонымен қатар, ол бала кезінен жүзумен айналысқан, спорт үйірмелеріне әлі күнге барып жүр.

Конкурс бірнеше кезеңнен тұрады, біріншісі басталып кетті. Бұл - байқаудың ресми сайтында өтіп жатқан онлайн-дауыс беру шарасы. Каринаға мына сілтеме арқылы дауыс беруге болады. 

"Ертең дайындығымыз басталады: түсірілімдер, дайындық жұмыстары. Түрлі елден 30 қыз қатысып жатыр. Мұнда подиумда өзіңді ұстай білуің керек", - деді ол.

Miss FashionTV-2016 финалы 29 мамырда өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети