01 шілде 2016 18:17

Қазақстандық модель Ая Шалқар өзекті тақырыпты қозғайтын киімдер топтамасын таныстырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com © instagram.com

Қазақстандық модель Ая Шалқар әйелдердің құқығын қорғау негізінде киімдер топтамасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық модель Ая Шалқар әйелдердің құқығын қорғау негізінде киімдер топтамасын шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Жаңа топтамада бодилер мен топтар бар. Автордың айтуынша, бұл топтаманы шығаруы арқылы ол Қазақстанда әйелдердің құқық аясы кең болуы керектігін меңзеген. 

"Неге "Жоқ"? Неге "100% Перiште"? Неге "Ханшайым"? "АШ" соңғы шыққан топтамасының Қазақстанда қоғамда күн сайын қысым көріп жүрген қыздар мен әйелдерге арналғанын жария етеміз. Бұл топтама қысыммен, шеттетумен, екіжүзділікпен, мизогиниямен бетпе-бет келген барлық адамға арналады. Бұл сөздерді тектен таңдап отырған жоқпыз. Себебі Қазақстанда әйел "Жоқ" деп айтуға құқылы. Себебі Қазақстанда әйелдің сексуалды болуына құқығы бар. Себебі Қазақстанда әйелдің сүюге, өзін бағалауға, Ханшайым болуға құқығы бар. Себебі Қазақстанда әйелдің өсек-аяңнан қорғауда болуына құқығы бар, оны 100 пайыз Періште деп есептемесе де солай", - деп таныстырды Ая өз топтамасын.

 

"АШ" бренді өзінің тұңғыш топтамасын 2015 жылдың тамызында таныстырған болатын. Бренд өзінің минимализмімен ерекшеленеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети