16 желтоқсан 2016 11:57

Қазнетте қазақстандық жұлдыздардың жалаңаш фотосессиясы сынға ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Қазнет қолданушылары "Қазақстанның сұлулары-2017" күнтізбесіне түскен қазақстандық жұлдыздардың суреттеріне наразылық білдіріп жатыр. Суреттерді "ню" стилінде түсіруге маманданған және соған сәйкес журналдармен әріптестікте жұмыс істейтін поляк фотографы Ян Маклайн дайындаған. 26-30 қараша аралығында ол Алматыға келіп, шеберлік дәрісін оқыған.


Қазнет қолданушылары "Қазақстанның сұлулары-2017" күнтізбесіне түскен қазақстандық жұлдыздардың суреттеріне наразылық білдіріп жатыр. Суреттерді "ню" стилінде түсіруге маманданған және соған сәйкес журналдармен әріптестікте жұмыс істейтін поляк фотографы Ян Маклайн дайындаған. 26-30 қараша аралығында ол Алматыға келіп, шеберлік дәрісін оқыған.

Ал кейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-тарда осы суреттер пайда бола бастады. Мәселен, Yvision.kz блогплатформасында қолданушылардың бірі фотосессияны сынап, блог жазды. "Бұл қандай өнер? Бұл менің халқымды қорлайды. Мұндай өнер-сымаққа деген бір ғана дұрыс әрекет - дарынсыздың бетіне түкіру! Ештеңе көрсете алмасаң, бізге келгенше, өз үйіңде отырғаның жақсы", - деп жазды ол.

"Жас буынға үлгі болатын қыздар еуропалық фотографтардың алдында жалаңаш түседі, сөйтіп, елімізде бүкіл әлемге масқаралайды. Еуропаның құндылықтары Еуропада қалсын! Бізге жұмыспен келген адамдар жастарды азғырмай, түрлі сәнді журналдардың көргенсіздігін үлгі қылудың орнына, менталитемімізді құрметтеуі керек", - деп сынады қолданушы. 

Кейбір қолданушылар жазба авторын қолдап, фотографтың Қазақстан халқын қорлады деп есептейді. Олар қазақстандық қыздар өзін құрметтеуі керек деп отыр.

Алайда қыздардың ашық-шашық суретке түсуі модельдердің өз ісі екенін айтып, оларды сөгуге ешкімнің құқы жоқ дейтіндер де табылды. Олардың пікірінше, халықты жемқорлық пен парақорлық қорлайды. Модельдерге осылайша қолдау білдіргендер қыздардың өте әдемі шыққанын айтып отыр.

Ал біреулері тіпті Ұятменді шақырып, қыздардың жалаңаш тәнін орамалмен жабуды ұсынды.

Жобаға қазақстандық танымал жұлдыздар да қатысты. Маклайнның объективінің алдында актриса Гүлнара Сильбаева, Жания Журинская, Гүлназ Жоланова, Бибігүл Сүйіншалиева және басқалар шешінген делінеді.


Дарья Александрова. © instagram.com/dariya_aleksandrova

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети