08 маусым 2014 18:34

Кейт Миддлтон сұлулықтың үлгісі болып танылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейт Миддлтон. Фото: abcnews.go.com Кейт Миддлтон. Фото: abcnews.go.com

Ханзада Уильямнің жұбайы Кейт Миддлтон сұлулықтың үлгісі болып танылды деп жазады, Tengrinews.kz тілшісі Telegraf басылымына сілтеме жасап.


Ханзада Уильямнің жұбайы Кейт Миддлтон сұлулықтың үлгісі болып танылды деп жазады, Tengrinews.kz тілшісі Telegraf басылымына сілтеме жасап.

Британия тұрғындары арасында жүргізілген QVC сауалнамасының нәтижесі – дәл осындай. Кембридж герцогинясы үшін 61 пайыз адам дауыс берген.

Олар Кейтті тумысынан әдемі деп атап өткен. Оның боянуының өзі алабажақ емес, ал шашы үнемі табиғи қалпында әрі жарасымды екендігіне көңіл бөлген.

Британдықтардың 39 пайызы әнші Шерил Коулға дауыс берген. Сөйтіп ол әдемі әйелдер рейтінгінде екінші орынға ие болған.

Үшінші орынға актриса Мишель Киган орналасқан. Оған сауалнамаға тартылғандардың 23 пайызы дауыс берген.

Төртінші және бесінші орындарды 16 пайыз дауыспен топ-модель Эбигейл Клэнси мен актриса Лили Коул бөлісті, деп жазады басылым.

Ал көпшілікке танымал футболшының жұбайы Виктория Бекхэм 8 пайыз дауыс алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети