"Көкшетау аруы" байқаудан алынып тасталды

23 Қараша 2016, 10:49
0
"Көкшетау аруы" байқаудан алынып тасталды - Жанар Найманбаева
Жанар Найманбаева

"Көкшетау аруы - 2016" Жанар Найманбаева сұлулық байқауының ұлттық кезеңіне өте алмады. Себебі ол Астанада өтетін байқауға дер кезінде келе алмаған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Көкшетаудағы байқаудың ұйымдастырушысы Найля Сейдалина айтты.

Найля Сейдалинаның айтуынша, биыл байқаудың талаптары күшейтілді. Себебі бұл байқау ҚР Тәуелсіздігіің 25 жылдығына орай өткізіліп отыр. "Жанар іссапармен бір тәулікке ғана кеткен болатын. Бірақ оның іссапары ұзаққа созылып кетті. Ал ұлттық байқауға дайындалуға аз уақыт қана қалған еді. Ол Астанаға уақытында жете алмай, оның орнына басқа қызды алуға тура келді. Байқаудың талаптары қатаң. Жанар мықты қыз болатын, бірақ жағдайларға байланысты ол байқаудан алынып тасталды", - деді байқауды ұйымдастырушы Найля Сейдалина.

Сондай-ақ, ол Жанар Найманбаеваның орнына көкшетаулық емес, басқа қаладан келіп отырған қыздың қатысатынын айтты. Осылайша, Көкшетау қаласы бұл байқауға қатыспайтын болды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай