17 шілде 2017 09:00

"Қырғызстан аруы" айықпас дерттен көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ru.sputnik.kg © ru.sputnik.kg

2013 жылы Қырғызстан аруы болған Жібек Нукеева айықпас дерттен көз жұмды. Бұл туралы Facebook желісі арқылы тележүргізуші Ассоль Молдокматова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


2013 жылы Қырғызстан аруы болған Жібек Нукеева айықпас дерттен көз жұмды. Бұл туралы Facebook желісі арқылы тележүргізуші Ассоль Молдокматова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өзгерте алмас дүние туралы хабарлаған ауыр екен. Бүгін Жібек Нукеева - "Қырғызстан аруы" көз жұмды. 22 жаста ғана болатын. Алғаш танысқан күні ол қыз адами шынайылығы, жарқын жүздімен және биязылығымен таңдандырған еді. Қайғы жұтып отырмыз. Бұл туыстары мен жақындары үшін үлкен аза. Адамдар бұл дүниеге бір мақсатты орындап кету үшін келеді - Жібек ел сұлуы болған. Қазіргі қыздарымыз Жібекке қарап бой түзеуі керек - оның сырт келбеті ғана көрікті емес, жан дүнесі де көркем болатын. Жібектің дерті (сүйек хандра-саркомасы) мен еріне, дүние есігін ашқан ұлына деген махаббаты туралы жазған хаты дүйім жұрттың жүрегін жаулады. Ол бар күшін дертпен күресуге арнады, Италия, Түркия, Израильдің үздік ауруханаларында ем қабылдағанымен меңдеген дерт оны алып кетті... ол өмірді сүйетін", - деп жазыпты Молдокматова.


© Top-Antropos.com

Молдакматова қыздың сегіз айлық ұлы қандай қайғы болғанын әзірше түсіне алмайтынын айта кетті. 

"Жаның жай тапсын, Жібек. Жатқан жерің жайлы болғай. P.S. Жібектің ауыр күндері оған қаржы жинауға қол үшін берген барлық қырғызстандықты, тіпті оқушылар да бар, оның сауығып кетуі үшін күрескендердің бәріне алғысымды білдіремін", - деп аяқтады сөзін тележүргізуші. 

Еске салайық, "Қырғыстан аруы" Жібек Нукеева көмекке зәру екені блытыр желтоқсанда белгілі болған. Нукеева әлеуметтік желіде өзінің айықпас дертке шалдыққанын, алайда, дүние есігін жаңа ашқан сәбиімен ұзағырақ бола тұруға көмек беруін сұрап жазған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети