30 мамыр 2017 17:16

Мектеп түлегі "Ақтөбе аруы-2017" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде 28 мамырда "Ақтөбе аруы-2017" байқауы өтті. 11-сыныпты аяқтап жатқан Дана Келмағанбет байқау жеңімпазы атанды. 17 жастағы ару Tengrinews.kz тілшісіне байқаудан кейінгі әсері жайлы айтып берді.


Ақтөбеде 28 мамырда "Ақтөбе аруы-2017" байқауы өтті. 11-сыныпты аяқтап жатқан Дана Келмағанбет байқау жеңімпазы атанды. 17 жастағы ару Tengrinews.kz тілшісіне байқаудан кейінгі әсері жайлы айтып берді.

Мектеп оқушысының айтуынша, ол биыл Ақтөбедегі №51 гимназияны бітіріп отыр. Сондай-ақ, ақтөбелік ару бала кезінен бастап сурет салғанды ұнататынын айтып өтті.

"Әр түрлі киімдердің суреттерін салатынмын. Дизайнер болуды қатты армандадым. 6-сыныпта қазақ тілінен беретін мұғаліміміз "Кімге еліктейсіңдер, кімге ұқсағыларың келеді?" деген тақырыпта эссе жазыңдар деген болатын. Сол кезде бәрі класстастарым әйгілі жұлдыздарды, әншілерді, атақты киножұлдыздарды атаған. Ал жалғыз мен ғана апама ұқсағым келеді деп айттым. Себебі апам қыз сыны байқауларына қатысқан, Алматыға грантқа оқуға түсті. Мен апама қатты еліктейтінмін, тіпті кішкентай кезімнен сіңлілерімді жинап алып, қыз сынын ұйымдастырып, ойнайтынбыз. Апамның киімдерін бір-бірімізге киіндіріп дефиле ұйымдастыратынбыз", - дейді ақтөбелік қыз.

Дана Келмағанбеттің айтуынша, оның бойы - 177 сантиметр. Сондықтан ол осыған дейін өзінің бойынан қысылатын. "Бойымның ұзындығы соншалықты менің класстастарым мені "жираф" деп айтады. Шыны керек, бойымнан қатты қысылатынмын. Осы 2016 жылы байқауға қатысып, бас жүлдені жеңіп алдым. Апам сияқты осы конкурсқа лайықты екенімді дәлелдеп, бас жүлдені жеңіп алдым. Содан кейін мені модель агенттігіне шақырды. Туфлимен қалай жүру керектігін, қалай бояну, адамдармен қалай сөйлесу керектігін үйретті. Мен қазір бойыма Аллаға шүкір деймін, алғыс айтамын. Қазір көшеде ұялмайтын болдым", - деді байқау жеңімпазы.

Сондай-ақ, ақтөбелік ару алдағы мақсаттары жайлы айтып берді. Оның мақсаты - алдағы ҰБТ-дан жақсы балл алып, Алматы қаласына оқуға түсу. Жас ару 2018 жылы қаңтар айында Қазақстан аруы байқауына дайындалып, жеңіске жетемін деген үмітте екенін айтып өтті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети