"Орал аруы - 2019" байқауының жеңімпазы анықталды

09 Сәуір, 10:20
0

"Орал аруы - 2019" тәжін 17 жастағы оқушы Эмилия Гусмановаға бұйырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Әдетте" Орал аруы " байқауы қыркүйек айында Қала күнінде өтетін. Бұл жолы оны сәуір айында өткізді. Қазақ драма театрында өткен шоуға дайындық екі ай бойы жүргізілді.

"Қыздармен тек өз ісінің мамандары жұмыс істеді. Актер шеберлігіне Островский атындағы орыс драма театрының актері мен режиссері Руслан Жұмахметов сабақ берді, дефиле бойынша қатысушыларды "Қазақстан аруы - 2010" сұлулық байқауының жеңімпазы Жанна Жұмалиева дайындады. Таңдау өте қиын болды. Бірақ біз ең лайықты қызды анықтадық", - деді байқаудың ұйымдастырушысы Жұлдыз Хұспанова.


Эмилия Гусманова

Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Қыздар киімдердің бірнеше топтамасын көрсетіп, таланттар шоуына қатысты. Үзілісте шоумендер, би топтары мен эстрадалық орындаушылар көрермендердің көңілін көтерді. Кештің жүргізушілерінің бірі "Орал аруы-2015" Вероника Залата болды. "Мен дәл солай, сахнаға шықпай жатып, қатты қобалжыдым. Жеңімпазға "Қазақстан аруы - 2019" байқауында біздің қаланың абыроймен таныстыруын тілеймін", - деді Вероника.

Эмилия Гусмановаға тәжді ду қол шапалақпен тапсырды.

"Мен мұндай нәтиже күтпедім. Маған қолдау көрсеткендерге рақмет. Мен моделингпен әуестенемін және "Қазақстан аруы - 2019" байқауында жеңіске жету үшін барымды саламын", - деді Гусманова.


Эмилия Гусманова

Эмилия демеушілер тарапынан көптеген сыйлықтар алды, оның ішінде Италияға туристік жолдама және зергерлік бұйымдар да бар.

Оралдың үшінші вице-аруы Зарина Каташева болды, екінші вице-ару - Александра Арефина және Аружан Әнуарова бірінші вице-ару атанды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай