18 желтоқсан 2015 14:42

Регина Вандышева "Әлем аруы-2015" байқауы алдында сезімімен бөлісті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлемдегі ең әйгілі байқаудың басталуына бір күн қалды. "Әлем аруы-2015" конкурсында Қазақстанды 23 жастағы Регина Вандышева таныстырады. Финал алдында қазақстандық ару Tengrinews.kz порталына сұқбат беріп, қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.


Әлемдегі ең әйгілі байқаудың басталуына бір күн қалды. "Әлем аруы-2015" конкурсында Қазақстанды 23 жастағы Регина Вандышева таныстырады. Финал алдында қазақстандық ару Tengrinews.kz порталына сұқбат беріп, қолдау көрсеткендерге алғысын білдірді.

120 елдің өкілдері финалдық шоуға бір ай бойы дайындалды. Бірінші күні дарындылар конкурсы болды, ол кезде Гвиана өкілі жеңімпаз атанды. Регина жартылай финалға өте алмады. Сонымен қатар, "Әлем аруы" байқауы аясында ең үздік ұлттық костюм, ТОП-модель сайыстары болды. Нәтиже финалдық шоу кезінде айтылады.

Регина Вандышева спорт сайысында төртінші орын алып, өзін жақсы қырынан көрсете білді.

Басқа қатысушылардың айтуынша, Регина ең белсенді және мықты қарсыластардың бірі болған. Ол эстафетаға да, ұзындыққа секіру сайысына да қатысты. Регина Қазақстанды лайықты түрде таныстыру үшін барынша тырысқанын жеткізді. 

Конкурс аясында қайырымдылық шаралары, аз қамтылған отбасылармен кездесулер де ұйымдастырылды.

Конкурстың финалдық шоуының алдында қатысушылар "Әлем аруы" байқауының директоры Джулия Морлимен кездесті. "Бүгін Джулио Морлимен кездесу өтті. Мен өзімнің ағылшыншама 100 пайыз сенімді болмағандықтан аздап қобалжыдым. Дегенмен барлығы жеңілірек өтті. Мен сұқбатымда әлемнің барлық халқы бір тілде - махаббат тілінде сөйлейтінін жеткіздім. Мына жақта қыздардың көбі ағылшын тілінде сөйлей алмайды. Ең бастысы - еңбекқорлық пен ынта", - деді "Қазақстан аруы-2014".

Регинаны қолдауға Қытайда оқып жатқан қазақстандық студенттер келді. Регина Қазақстан тарапынан өте үлкен қолдауға ие болғанын айтты. "Мен барлығына осындай қолдау білдіргендері үшін алғыс айтамын. Маған дәл қазір сіздердің қолдауларыңыз қажет, сіздердің махаббаттарыңыз маған күш береді", - деді ол.

"Қазақстан аруы" Регина Вандышева, "Әлем аруы" Ролен Штраусс және "Ресей аруы" София Никитчук .

Регинаға Miss World қосымшасын смартфонға жүктеп алу арқылы дауыс беруге болады.


Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети