25 қыркүйек 2018 | 09:41

Шындығын жасырған "Украина аруы-2018" тәжінен айырылды

© facebook

20 қыркүйекте "Украина аруы-2018" сұлулық байқауының финалы өтіп, киевтік 23 жастағы Вероника Дидусенко бас жүлдеге ие болды. Алайда төрт күннен кейін қыз шеттетіліп, оған берілген тәж де, ақшалай сыйлық та қайтарып алынды, - деп хабарлайды Страна.ua.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

20 қыркүйекте "Украина аруы-2018" сұлулық байқауының финалы өтіп, киевтік 23 жастағы Вероника Дидусенко бас жүлдеге ие болды. Алайда төрт күннен кейін қыз шеттетіліп, оған берілген тәж де, ақшалай сыйлық та қайтарып алынды, - деп хабарлайды Страна.ua.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жанжал қыздың жеке басына қатысты мәліметтер анықталғаннан кейін болған, қыз оны жасырғысы келіпті. Шындық оның тұрмыста болуымен байланысты. Ал тұрмыстағылар "Украина аруы" байқауына қатыса алмайды.

Реклама
Реклама

Байқау аяқталғаннан кейін ұйымдастырушылар Верониканың тұрмыста болғаны және баласының бар екені туралы ақпаратты растайтын мәлімет алды. Оның тұрмыста болғаны туралы бір ауданда тұратын журналистер хабарлаған.

Жаңа жеңімпаздың есімі 30 қыркүйекте белгілі болады. Оның орнын Днепропетровск облысынан қатысқан Богдана Тарасик немесе Киев облысынан Анастасия Кривохижа алуы мүмкін.


Анастасия Кривохижа, Вероника Дидусенко, Богдана Тарасик. © facebook

Сонымен қатар, Телевизиялық жаңалықтар қызметінің хабарлауынша, Верониканың өзі ұйымдастырушылар комитетінің шешімімен келіспейді. Ол байқауға қатысу үшін тұрмыста және балалы болмау керек деген талапты кемсітушілік деп есептейді. 

Дидусенко ұйымдастырушыларға Қытайда өтетін "Әлем аруы" байқауына қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Алайда телеарнаның мәліметінше, қыз өзінің наразылығын көпшілік алдында айтудан бас тартып отыр.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная