15 маусым 2014 16:23

Талдықорғанның аруы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Талдықорған аруы - 2014" байқауының жеңімпаздары. Фото ©Қайрат Әбдірахман "Талдықорған аруы - 2014" байқауының жеңімпаздары. Фото ©Қайрат Әбдірахман

"Талдықорған аруы - 2014" байқауының бас жүлдесін 18 жасар Айдана Мәжбек жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Талдықорған аруы - 2014" байқауының бас жүлдесін 18 жасар Айдана Мәжбек жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қаланың ең әдемі, сұлу қызы Жетісу мемлекеттік университетінің заң факультетінде оқиды. Ол бала кезден бимен шұғылданып, халықаралық байқаулардың лауреаты атанған. Қазір ол қалалық "Талдықорған әуендері" ұлттық ансамблінде биші болып қызмет етуде. Енді Айдана алдағы күзде "Қазақстан аруы - 2014" республикалық сән байқауында өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, бұл ретте Ксения Гусева "Талдықорған аруы - 2014" байқауының "бірінші вице-миссі" атанды, ал "екінші вице-мисс" атағы Аруна Сағатбековаға бұйырса, "үшінші вице-мисс" атағын Әйгерім Дүйсенәліқызы иеленді. 

"Талдықорған аруы - 2014" байқауының жеңімпазы Айдана Мәжбек. 

Фото ©Қайрат Әбдірахман

 

Бас жүлдені иеленген Айданаға тәжді "Талдықорған аруы - 2013" байқауының жеңімпазы болған Әйгерім Шоғалова табыс етті. Фото ©Қайрат Әбдірахман

Еске сала кетейік, "Талдықорған аруынан" басқа, ең сұлу қыздарын Ақтөбе, Семей, Ақтау және Қызылорда қалалары да таңдап алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети