17 қараша 2014 15:01

Тараздың ең сұлу қызы "Қазақстан аруы-2014" байқауына қатыспайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тараз аруы-2014" жеңімпазы Айнұр Алтынбекова. ©vk.com "Тараз аруы-2014" жеңімпазы Айнұр Алтынбекова. ©vk.com

24 жастағы Айнұр Алтынбекова "Қазақстан аруы-2014" байқауына қатыспайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі іс-шара ұйымдастырушыларына сілтеме жасап.


24 жастағы Айнұр Алтынбекова "Қазақстан аруы-2014" байқауына қатыспайтын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі іс-шара ұйымдастырушыларына сілтеме жасап.

"Тараз аруы" денсаулығына байланысты байқауға қатысудан бас тартты - Алтынбекованың тамағы ауырып қалды. Байқауға Тараздан келген тағы бір ару қатысып жатыр - Диана Ремез. Ол өңірлік біріншіліктің кастингінде жеңімпаз болып, "Қазақстан аруы-2014" республикалық байқауына қатысу мүмкіндігін алды.

Осыған дейін астаналық қатысушының денсаулығы сыр бергені жайлы хабарланған болатын. Астана қаласының байқауына дайындық кезінде бір қыз 10 келіге дейін арықтаған. Дайындық болып жатқанда ол өзін әлсіз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінуге тура келді. Дәрігерлер оның денсаулығы жақсы екенін, конкурсқа қатысуға болатынын айтқан соң ару байқауға дайындық жұмыстарына кірісіп кеткен еді. Айта кетейік, "Астана аруы-2014" титулын Әсия Әбісова жеңіп алды. Бірінші вице-мисс атағына Әсел Мұсалдинова лайықты деп танылса, Мәрияш Биғалиева - екінші вице-мисс болды.

Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан аруы-2014" конкурсы Алматыда 28 қарашада өтеді. Өткен жылы 24 жастағы Айдай Исаева елдің ең сұлу қызы атағын жеңіп алды. Ол - Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети