"Тұрмыс құрмадым". Желіде танымал болған астрахандық қазақ қыз өзі жайлы айтып берді

08 Қараша 2017, 22:42
0
"Тұрмыс құрмадым". Желіде танымал болған астрахандық қазақ қыз өзі жайлы айтып берді -

Астрахандық қазақ қыз Лаура Сақтапбергенова блогерге сұхбат бергеннен кейін танымал болған еді. Қыз Redaction.kz сайтына берген сұхбатында өзі жайлы айтып берді. 

"Астрахандық әдемі қыз" атауымен шыққан ролик бір ай ішінде YouTube хостингінде 320 мың рет қаралған еді. Лаура Сақтапбергенова сұхбаттың қалай өрбігенін айтты. 

Айтуынша, сол уақытта мейрамханалардың бірінде жұмыс істеп жүріпті. Сол күні мекемеге саяхатшы блогер Радик Айбашев келген екен. 


© Redaction.kz

"Радикті байқадым да, мейрамхана қызметіне баға беруді және сұрақтарының бар-жоғын сұрадым. Әңгіме барысында ол қалаларға жасаған саяхаттарынан қандай тәжірибе алғанын айтып, жеке архивіне видео түсіруін сұрады. Әңгіме барысында мен оның блогер екенін білмеппін, мұнысын білсе қарсы болады деді ме екен, айтпады. Бұл видеосұхбат Интернетке шығады деп те ойламадым. Сондықтан еш күмәнсіз келісе салдым, себебі мен бауырмал адаммын, қаламыз жайлы, жалпы мейрамханамыз жайлы жақсы естеліктері қалсын дедім", - деді қыз. 


© Redaction.kz

Сұхбаттан кейін, айтуынша, өзіне деген қызығушылық артқан. Желі қолданушылары онымен танысқысы келіп, іздеген көрінеді. "Сол уақытта мен жұмыс істемеген едім, сондықтан әріптестерімнен мейрамханаға біреулердің келіп, телефон соғып, іздегенін білдім. Қайда тұратынымды анықтағысы келетіндер де болыпты. Осыған байланысты Радик Айбашев видео сипаттамасында мені тұрмыс құрған деп жазыпты, бірақ олай емес", - дейді ол.

Айтуынша, видеодан кейін түрлі фотографтан және модель бизнесімен айналысатындардан көптеген ұсыныс түскен. 

"Қазақстанға көшу жайлы ұсынатындар көп. Енді көбі мені Алматы, Астана, Шымкент және басқа да көптеген әсем қалаларда көргісі келетінін айтады. Оқуымның аяқталуына аз қалды, саяхаттасам деймін. Қазақстанда болғым келеді, бірде-бір рет барып көрмеппін, мені көпшілігі көргісі келетіндіктен құштарлығым ояна бастады", - дейді қыз.


© Redaction.kz

Лаура Сақтапбергенова бірінші кезекте оқуды маңызды деп тұтатынын айтып отыр. "Аяқтап, дипломымды алу мен үшін маңызды. Оқудан бос уақытта түрлі жанрдағы кітап оқығанды жақсы көремін, классикалық көркем әдебиеттен бастап психологияға дейін, 2017 жылғы жаңа кітаптарды оқимын. Өмірімде музыка ерекше орын алады, ішкі жан дүниеңді музыкамен көрсетесің. Өмір бойында түрлі жағдайларда сәйкес музыкалар естіп келемін. Үздік антистресс дер едім", - дейді ол. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай