12 маусым 2017 22:47

Венгриялық скрипкалар мен тәжік әуендері. Nomad Way қанатын кеңге жайып келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада Nomad Way көшпелі мәдениеттің екінші халықаралық фестивалі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін мәдениет базарында венгриялық Tilla Torok’s Band және Тәжікстаннан келген "Авесто" тобы өнер көрсетті. 


Астанада Nomad Way көшпелі мәдениеттің екінші халықаралық фестивалі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін мәдениет базарында венгриялық Tilla Torok’s Band және Тәжікстаннан келген "Авесто" тобы өнер көрсетті. 

Фестивльдің екінші күнін Tilla Torok’s Band тобы ашты. Олардың бірінші әні-ақ тыңдармандардың көңілінен шығып, жиналғандардың көңілін көтерді. 

Топ мүшелерінің қолындағы скрипка үні ерекше болды. Топтағы екі скрипка да әнші қыздардың қолында ойнады. 

Венгриялық топтың "Туған жер" әнін қазақша орындағаны халықты бір серпілтіп тастады. 

Ал Тәжікстаннан келген "Авесто" тобының орындаған шығыс күйлері тыңдармандарды бірден баурап әкетті. Халықтық музыка заманауи рок джазбен әдемі үйлесім тауып, халықтың көңілінен шықты. 

Ал тәжікстандық топты ерекше еткен дауылпаздар еді. Бұл аспап пен орындаушының даусы жиналған жұртқа ұнағаны сонша - халық тұрған жерінде билеп те жіберді. 


© Тұрар Қазанғапов

Еске салайық, Nomad Way көшпелі халықтардың музыкалық фестивалі Астанада 11 маусымда басталып, 15 маусымға дейін жалғасады. Ашық аспан астындағы концерттердің басталуы cағат 17:00-де. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен The Spirit of Tengri жобасы ұйымдастырған шарасы "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешен аумағында өтіп жатыр. Фестивальге кіру тегін. 

Фестивальдің алғашқы күнін қазақстандық "Тиграхауд" және "Hapanasasa Электроника" топтары NAsia атты әншімен бірігіп ашқан болатын. Бірінші күнді Өзбекстаннан келген "Аббос" және Башқұртстаннан келген "Арғымақ" тобы аяқтаған еді. 


Фестивельге баратын бағыт

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети