бойынша жаңалық Бали

Фото: pixabay.com Балиде турист қызды қорғаймын деп көзінен айырылып қала жаздады Екі аустралиялық турист Индонезияның Бали аралында бейтаныс адамдармен төбелесіп, пышақ жарақатын алды. Салдарынан туристердің бірі көзінен
06 наурыз 2024
depositphotos.com "Жалғыз жүретін әйелдерге ескерту". Балиде алаяқтықтың жаңа түрі таралды Балиде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды. Автокөлік жүргізушілері өз көліктерін танымал такси қызметтерінің түстеріне бояп, туристерді алдайды,
10 ақпан 2024
pixabay.com Қазақстандықтар арасында танымал аралда жаңа туристік салық енгізіледі Балиде туристерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға, Бали мәдениетін сақтауға және қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігін арттыруға бағытталған
10 ақпан 2024
Pixabay/Sasin Tipchai Индонезия 2024 жылы туристерді қарсы алу жоспарын жариялады Индонезия келер жылы 14 миллион турист қабылдауды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Bali Sun порталына сілтеме жасап.
07 желтоқсан 2023
видеодан үзінді Балидегі храмда жалаңаш медитация жасаған туриске іздеу жарияланды Индонезияның Бали аралының билігі шетелдік туриске іздеу жариялады. Ол ғибадатхана аумағында жалаңаш отырып медитация жасаған. Оның әрекеті
06 қазан 2023
@aizalovesam Ресейлік танымал әншінің бұрынғы жары Балиде өз отандасын көлікпен қағып кетті Тележүргізуші әрі блогер Айза-Лилуна Ай әлеуметтік желідегі парақшасында Балиде ресейлік азаматты қағып кеткенін жазды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz
01 қыркүйек 2023
видеодан үзінді Барын сатып Балиге кетті. Қазақстандық жұмақ аралдағы өмірі жайлы айтты Бали - армандар аралы, кейінгі уақытта фрилансерлер аралына айналды. Көптеген жастар Индонезияға демалыс үшін ғана емес, өмірде өз орнын табуға
01 сәуір 2023
© pixabay.com Балиде жол ережесін бұзған 43 турист ұсталды Индонезияның Бали аралындағы Денпасара қаласының полициясы бір аптада 40-тан аса шетел азаматын жолда көлік қозғалысы ережесін бұзғаны үшін
28 наурыз 2023
Балиде туристі жәндік "шағып", ауыр жара салды Аустралиялылық турист Балиде демалыс кезінде тосын жайға тап болды. Оны жәндік шаққаннан кейін, оның денесі бөрітіп, күлбіреу мен тыртық пайда
23 ақпан 2023
Батур жанартауы. Фото: Mount Batur, Flickr Балиде туристерге Брахма құдайдың мекеніне баруға тыйым салынды Индонезия билігі қасиетті Батур тауына (сөнбеген жанартау) туристердің баруына тыйым салынды, бұл жер Брахма құдайдың мекені деп есептеледі,
16 ақпан 2023
pixabay.com Танымал аралдағы курорттық романның "соңы" түрме болуы мүмкін Балидегі шенеуніктер қарастырған жаңа заңға сәйкес, демалыс кезінде қонақүйдің бір бөлмесінде тұратын үйленбеген әйел мен ер адам қылмыстық
01 қараша 2022
© pixabay Бали туристерді тартудың ерекше жолын таңдады Бали билігі пластикалық ота индустриясына инвестиция құйып, аймақты медициналық туризм сұранысқа ие азиялық арал етпек. Бұл туралы аустралиялық
21 маусым 2022
© instagram/asselsadvakassova Балиге көшіп кеткен Әсел Сәдуақасова үйін көрсетті Қазақстандық актриса Әсел Сәдуақасова жақында Балиге (Индонезия) көшіп барды. Актриса әлеуметтік желіде жаңа үйін көрсетті, - деп хабарлайды
05 сәуір 2022
Бали, Индонезия. Фото ©Shutterstock Бали аралы шетелдік туристер үшін толық ашылады Бали курорттық аралы 4 ақпаннан бастап барлық саяхатшы үшін біртіндеп ашылады. Бұл туралы Индонезияның теңіз істері және инвестициялар министрі
03 ақпан 2022
Бали, Индонезия. Фото ©Shutterstock Бали билігі енді туризмді дамытуды қаламайды Бали үкіметі ел экономикасын туризм арқылы дамытудан бас тартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru сайтына
13 қазан 2021
Бали, Индонезия. Фото: pixabay.com Индонезия туристерді қашан қабылдайды? Елші жауабы Индонезия экономикасы үшін туризмнің жандануы маңызды. Алайда билік шетелдіктерді биыл қабылдауды жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Индонезияның
05 қазан 2021
Фото: pixabay.com Кедей туристерге Балиге кіруге тыйым салынуы мүмкін Индонезия үкіметі кедей туристер үшін Бали аралына баруды шектегісі келді. Бұл туралы Bali Sun жергілікті шенеуніктердің бірінің мәлімдемесіне
20 қыркүйек 2021
Фото: pixabay.com Коронавирустың жаңа штамы Балиді туриссіз қалдыруы мүмкін 3 шілдеден бастап Индонезияда коронавирус пандемиясына байланысты әлеуметтік шектеулер күшейтілді. Ел президенті Джоко Видодо тамақтану орындарының
02 шілде 2021
© efe.com Балиде паром апатынан алты турист қайтыс болды Индонезияның Бали аралының жағасында жолаушылар паромы апатқа ұшырап, салдарынан алты турист қайтыс болды, тағы сегіз адам жарақат алды. Бұл
30 маусым 2021
Фото: pixabay.com Қазақстан мен Индонезия арасында тікелей рейстер ашу ұсынылды Қазақстан мен Индонезия туризм саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін, соның ішінде тікелей чартерлік рейстер ашу мен халал туризмді дамытуды
19 маусым 2021

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Малай архипелагы, Индонезия провинциясы
Астанасы: Денпасар
Ірі қалалары: Денпасар, Сингараджа, Кута, Убуд
Жер көлемі: 5416,4 шаршы шақырым
Телефон коды: +62
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -2 сағат
Сағаттық белдеуі: (GMT+8)
Виза: виза қажет
Тілі: индонезия, бали
Валютасы: индонезиялық рупий
Халқы: 4, 022 миллион адам
Діни сенімдері: индуизм
Жол қозғалысы: сол жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: F, C, G. 220 В, 50 Гц

Балидің географиясы мен климаты

Бали - Кіші Зонд аралдарының батысы. Таулы белдеу батыстан шығысқа қарай Балиға дейін созылып жатыр, жоғары вулкандық белсенділік аймағы болып табылады. Екі үлкен белсенді жанартаулар Агунг (3142 м) және Гунунг Батур (1717 метр) аралдың солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Жанартау белсенділігі топырақтың жоғары құнарлылығын анықтайды және мәдениеттің дамуына әсер етеді.

Балидегі климат экваторлық-муссондық, әдеттегідей 4 маусымға бөлінудің орнына мұнда тек екеуі ерекшеленеді: құрғақ (маусым-қазан) және ылғалды (қараша-наурыз), ең көп жауын-шашын қаңтар-ақпанда болады. Балидің кейбір аудандарында олардың арасындағы айырмашылық көрінбейді. Ылғалды мезгілде жауын-шашын жергілікті жерлерде, әдетте түнде қысқа мерзімді (1-2 сағат) найзағай түрінде болады. Орташа жылдық температура 26 градус шамасында ауытқиды. Таулы және курортты аймақтарда күндіз-түні жылы болады. Мұхиттағы судың температурасы - 26-28 градус.

Бали экономикасы

Көбінесе Индонезия азаматтары Балидің оңтүстік бөлігінде қонақүйлер мен туризм саласында, тоқыма және тігін өнеркәсібінде, сондай-ақ шағын және үй бизнесінде (халықтық қолөнер және сувенир жасау) жұмыс істейді. Тоқыма, тігін және қолөнер жұмыстары Балидегі экономиканың тірегі іспетті. Тоқыма және тігін өнеркәсібі 45 пайыз -ды, ағаш өнімі, соның ішінде мүсін, жиһаз жасау елдің жалпы экспортының 22 пайызын құрайды. Үшінші орында күміс өңдеу (4,65 пайыз), мұнда 5000 адам жұмыс істейді.

Күріштен басқа, ең маңызды ауылшаруашылық өнімдері: шай, кофе, темекі, какао, ваниль, соя, қызыл бұрыш, жемістер мен көкөністер. Балық шаруашылығы мен теңіз фермалары сонымен қатар, маңызды экспорттық өнімдер шығарады.

Балилік экспорттаушылар үшін еркін сауда ережелеріне қатысты бірқатар проблемалар бар, өйткені бұл ережелер балалар еңбегін пайдалануға тыйым салады. Мұндағы балалардың көпшілігі өздерінің ата-аналарына жұмыс істейді, бұл кәсіби дағдылар мен білім алу процесінің бөлшегі болып табылады.Бали өзінің қолөнерімен танымал: батик, икат тәрізді маталар, ағаш ою, жиһаз, мүсін (ағаш/тас), кескіндеме, күміс өңдеу, кәдесыйлар жасау. Әдетте, бүкіл ауыл өндіріске мамандандырылған.

Туризммен қатар, Балидегі жылжымайтын мүлік те қарқынды дамыған индустрия болып табылады. Құрылыс курорттық аймақтарда тез дамыды (Кута, Легян, Семиньяк, Оберой). Жақында Букит түбегінде (аралдың оңтүстігінде) бес жұлдызды қонақүйлер мен вип-виллалар көбейе бастады.

© pixabay.com

Бали тарихы

Балиды мекендеген алғашқы адамдар жайлы деректер жоқ. Бұл аумақтарды біздің дәуірімізге дейін қытайлар мен малайлар игере бастаған деп саналады. Олар өзіндік суару жүйесін енгізді, күріш өсірді, аң аулады, қоладан және темірден құралдар жасады.

I ғасырда (б.з.д.) аралда үнді саудагерлері пайда болды. Әрине, олар тауарлардан басқа, дінін, әдет-ғұрпын, мәдениетін әкелді, олардың ізін аралдың қазіргі өмірінен табуға болады. V ғасырда индуистік патшалық пайда болды.

XI ғасырдан бастап Бали тарихында көршілес Ява аралымен тығыз қарым-қатынас кезеңі басталады. 1284 жылға дейін Бали автономды болып қала берді, дегенмен мәдени жағынан ол явалық индустар мәдениетінің ықпалына түседі. Содан кейін ол Мажапахиттің ең қуатты патшалығының бір бөлігі болды.

XV ғасырға қарай бәрі құлдырайды: ұсақ мемлекеттердің тәуелсіз болуға деген ұмтылысы орталық билік позицияларының бөлінуіне және әлсіреуіне әкеледі. Бали аралына ислам ене бастады, Маджапахит мемлекеті құлдырай бастады.

Аралдың аумақтарын иемденуді жақын көршілер ғана емес, сонымен қатар алыс Еуропадағы кейбір елдер де армандады. Голландиялықтар мұнда бірінші болып XIX ғасырда келді, олардың мақсаты - Шығыс Үндістан компаниясын құру. Әрине, бастысы кірісті барынша арттыру болды, олардың ешқайсысы рухани және мәдени даму туралы ойламады.

Бали тарихында, бір сөзбен айтқанда, Голландияға қарсы тұру кезеңі басталады, ол жергілікті тұрғындардың қарсылықтарын аяусыз басады. XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басы тәуелсіздік үшін күресте арал тұрғындарының діни жоралғылар негізінде деп өзін-өзі өлтіруге баруы туралы айтылады.

Аралда Голландияның билігі кезеңі Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін созылды, оның барысында Балиді жапондар жаулап алды. Әскери іс-шаралардың соңында Голландия отарлауды қайтаруға тырысты, бірақ тұрғындар тәуелсіз даму жолында құқығын қорғады.

Қазақстандық туристер үшін Бали несімен тартымды?

Бали - Индонезиядағы ең танымал және өте дамыған туристік курорт. Ол өзінің әсем пейзаждарымен, тропикалық ормандарымен, Кинтамини, Гунунг Батур және Гунунг Агунг әсерлі жанартауларымен, ежелгі ғибадатханаларымен, керемет жағажайларымен туристерді қызықтырмай қоймайды.

Балидегі тұрғын үйді таңдау қиынға түспейді. Сіз серферлерге арналған қонақүй бөлмесін жалдап, бірнеше доллар ғана төлеуіңізге болады немесе мыңдаған доллар шығын шығарып, әлемнің атаулы қонақүйлерінің бөлмесін таңдасаңыз болады. Әркімнің өз еркінде. Бағалар мекеменің санатына және оның орналасқан жеріне байланысты болып келеді. Мыңдаған туристерді қабылдайтын аралдың оңтүстік бөлігі сияқты танымал туристік бағыттарда 250 000 IDR-ге екі адамға арналған стандартты қонақүй бөлмесін жалдауға болады. Сол бағада солтүстігінде Ловинде судың дәл жағасында орналасқан көркем, сәнді бунгало ұсынылады. Туристік өмірдің қайнаған ортасында, Санур курортында жағажай бойындағы стандартты демалыс үйінің бағасы қазірдің өзінде 1 300 000 IDR тұрады. Барлық аудандар үшін ортақ бағалау, яғни, жағалаудан неғұрлым алыс болса, соғұрлым бағасы төмен болады.

Тұрғын үйді бір жыл немесе одан да көп мерзімге жалға алу тиімді, дегенмен сіз толық ақшасын төлеуіңіз керек.

Қонақүйде тұру тәулігіне орта есеппен 130 000-200 000 IDR-ды құрайды. Бұл баға саяхаттауға немесе серфингпен айналысуға баратындар үшін тиімді. Куту жағалауында үш жұлдызды қонақүйдегі жайлы екі орынды бөлмені күніне 700 000 IDR-ға жалдауға болады. Кішкентай үй жалдау қызмет, аспаз, күзетші және массажист т.б. қосқанда, тәулігіне 2,700,000 IDR болады. Аралда бүкіл әлемдік атаулы қонақүйлердің, казинолар мен мейрамханалар желісіне кіретін Hard Rock Hotel сияқты әйгілі брендтердің көптеген қонақүйлері бар. Мұндай жерде өмір сүру үшін сізге бір тәулікке 3 300 000 IDR төлеу керек.

Балиға қалай жетуге болады?

Балиге, яғни Денпасарға негізінен тұрақты рейстер ұшады, ал, чартерлік рейстер тек жаңа жылдық мерекелер кезінде ұшады. Алматыдан ұшудың ең үнемді және ыңғайлы нұсқалары: Эйр Астана (Куала-Лумпур арқылы) + Малайзия әуе жолдары сәрсенбі және сенбі күндері ұшады, сонымен қатар Эйр Астана (Сеул арқылы) + Корейлік авиакомпания аптасына дүйсенбі, Etihad Airlines (Абу-Даби арқылы -) түнде) сейсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері ұшады. Алматыдан Бали аралына дейінгі рейс 11 сағатты құрайды, ал Алматы-Куала-Лумпур бағыты бойынша 8 сағат, Куала-Лумпур-Денпасар 3 сағатты құрайды.

Куала-Лумпурдан Бали аралына (Денпасар) жетудің екі жолы бар: Алғашқысы - Malaysian Airlines рейстері - Денпасар қаласына (Бали) күніне 3 рейс бар. Малайзия әуежайы Куала-Лумпур халықаралық әуежайынан ұшады. Екінші - Air Asia авиакомпаниясының арзан рейстері Балиға күніне 5 рейс жасайды. Air Asia әуе билеті басқаларға қарағанда әлдеқайда арзан, бірақ Денпасарға рейстер Куала-Лумпурдың жергілікті әуежайынан ұшады, бұл Эйр Астана ұшатын халықаралық әуежайдан 15 минуттық қашықтықта орналасқан.

Балидағы көлік қозғалысы

Бұл жұмақ аралдағы шағын автобустар да экзотикалық. Денпасар және басқа елді мекендер арасында Бемо үш доңғалақты микроавтобусы жүреді. Индонезияға тән бұл көліктің арнайы аялдамалары бар, бірақ олар оны кез-келген жерде тоқтатып отыра алады. Тарифы төмен, бірақ белгіленген баға жоқ. Жүргізушілер көбінесе туристер үшін артық сұрайды, сондықтан басқа жолаушылар қанша төлейтінін қарап алған жөн.

Танымал курорттық аймақтардың арасында күн сайын 8:30-дан 22:00-ге дейін жайлы, кондиционер және Wi-Fi қызметі бар KURA-KURA автобустары жүреді. Бұл автобус тұрақтарын барлық сауда орталықтары мен ірі қонақүйлерден таба аласыз, оларды жасыл түс пен логотиптегі тасбақаның бейнесі арқылы оңай анықтауға болады. Барлық бағыттар DFS Bus Bay негізгі көлік терминалынан өтеді, онда жолаушылар басқа бағыттарға ауысады. Тарифтің мөлшері - 20 000-80 000 IDR аралығында. Белгілер мен карталар жүргізушілерден және кассадан сатып алынады.

Балиде таксимен жүру ыңғайлы. Есептегіштермен жабдықталған таксилермен жүру арзанырақ түседі. Олардың қатарына Bluebird, Geka, Gelora, Koperasi, Ngurah Rai т.б. кіреді. Орташа бағасы: жол жүру - 6000 IDR, 1 км үшін - 7000 IDR.

Балиде қайда баруға болады?

Көптеген туристер Балиге жағажайда демалу үшін келеді. Әр турист бұл аймақтан өзі іздеген жер жәннатын таба алады. Санур жағажайының жайлылығы сонша тіпті балалар да алаңсыз шомыла алады. Жағажай құмы жұмсақ, қатты толқындары жоқ, жанға жайлы. Нуса-Дуа жағажайы да өзінің жайлы атмосферасымен танымал. Семиньякта тек толқын төмендегенде ғана шомыла аласыз, ал Кутуда демалуға жастар өте құмар.

Паданг-Паданг жағажайы кішкентай болғанымен әсем табиғатымен көз тартады. Бали туристтерді жыл он екі жағажай демалысымен қызықтырады.

Балидегі спа-орталықтары қан айналымын жақсартуға, денедегі артық майлар мен целлюлиттерді жоюға, теріні ылғалдандыруға, сондай-ақ қатайтуға және стресстен арылуға бағытталған бағдарламаларды ұсынады. Көптеген емшаралар балдырларды, тұздарды және «фанго» (теңіз балшықтары) қолдануға негізделген.

Сонымен қатар, гүл моншалары, су-емдік шаралары (дәрілік теңіз суы бар бассейн, гидромассажы мен теңіз балдырлары бар ванна, су асты терапиясы, Шарко душы, ыстық аяқ ваннасы және т.б.), шөптермен емдеу, денеге арналған таңғыштар және массаждың 20-дан астам түрі ұсынылады.

Балидегі көрнекті жерлер - ежелгі ғибадат орындары мен сарайлар, асқақ таулар мен вулкандар, күріш террассалары мен ғажайып жағажайлар. Балиды "мың ғибадатхана аралы" деп атайды. Агунгтың етегінде солтүстігіне қарай 20 құрылымнан тұратын ең үлкен ғибадатхана Пура-Бесаки орналасқан. Ал Таман-Аюн ғибадатханасы көлдің ортасында орналасқандықтан, бейне бір суда қалқып тұрғандай көрінеді. Балидің ең басты теңіздік ғибадатханасы Улун-Дану тропикалық ормандармен қоршалған ғажайып Братан көлінің бойында орналасқан. Танах-Лот ғибадатханасы - аралдың бетке ұстар, әйгілі ғибадат орны.

Гоа Гаджа үңгірде орналасқан ғибадатханасы сыртынан қарағанда пілді еске түсіреді, атауы да піл деген мағынаны береді. Бұл ғибадатхана туралы көптеген аңыз-әңгімелер айтылады. Балидің табиғи көрнекті жерлері - күріш террассалары. Бұл керемет көрініс белгілі бір уақыт аясында өз түсін өзгертіп тұрады. Күрішті небары үш ай ғана өсіреді, бірақ сол аралықта бұл жер көк, жасыл, сары түске боялып, өзгеріп отырады. Табиғатты сүйетіндерге сонымен қатар, 40- метрлік Гит-Гит сарқырамасы мен Серенган тасбақа аралы да ұнауы тиіс.

Бали асханасы

Бали асханасы - нағыз талғампаздарға арналған экзотикалық асхана. Қазіргі заманғы бали асханасы көкөністер мен жемістерге, дәмдеуіштер мен жаңғақтарға, ет пен балық тағамдарына бай. Индонезияның бір бөлігі болғанына қарамастан, асханалары екі түрлі дәмге ие.

Сіз Балидың дәстүрлі тағамдарының дәмін татқыңыз келсе, аралдың түкпіріне баруыңыз қажет. Туристік орындарда дәстүрлі деген тағамдардың өзі дәмі өзгеше, еуропалық асханаға сай дайындалады. Тағамдарға өте ащы дәмдеуіштер қоатындықтан, күріш немес басқа көкөніс ганирін алуды ұсынамыз.

Балиде кофені дайын болғаннан кейін 3 күннен соң қайнатқанды жөн санайды. Кофені Балиде Батур вулканының биік таулы плантацияларында өсіреді.

Индонезия кофенің ерекше түрі Копи Лувак кофесімен танымал. Бұл кофе әлемде өте қымбат кофе болып саналады, бірақ сіз оны Балиде өте арзан бағада іше аласыз.

Балидағы қауіпсіздік

Балиде қауіпсіздік деңгейі жоғары, қылмыс аз. Бірақ туристтерге Кута аймағында ерекше сақ болу қажет, қымбат киімдер мен әшекей бұйымдарын тағып жүрудің қажеті жоқ. Қоғамдық жағажайларда өз заттарыңызды қараусыз қалдырмаңыз. Ақшаңызды тек айырбастау пункттерінде ауыстырыңыз, көше алаяқтарының арбауына түсіп қалмаңыз.

Кран суын ішпеуге кеңес береміз, құтыдағы суды ішкеніңіз жөн. Москитті тор мен репеллент қолданып, қара көзілдірік, бас киім және күннен қорғайтын жақпамайын қолдануға кеңес беріледі.
Қоғамдық жерлерде шылым шегуге тыйым салынады. Бұзған жағдайда алты айға бас бостандығынан айырылуы мүмкін немесе 50 миллион IDR көлемінде айыппұл төлейді.

Балидан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Балиден әкелетін кәдесый - ерекше дәмі бар әйгілі лувак кофесі, ол ерекше талғамға ие. Бұл әлемдегі ең қымбат кофе және мұнда оның 100 граммдық орамасын 200 000 IDR-ға сатып алуға болады. Балиден алатын тағы бір хош иісті сыйлық - бұл табиғи дәмдеуіштер. Даршын, қалампыр, ваниль немесе мускат жаңғағы плантацияларда тікелей сатылады.

Дұрыс тамақтануды ұстанушылар годжи жидектеріне, чиа тұқымына, спирулинаға немесе қара күрішке риза болады. Олар мұнда әлдеқайда арзан - мысалы, 1 келі годжи 100 000 IDR, ал чиа - 400 000 IDR.

Нағыз балилік зергерлік бұйымдар Челук ауылында сатылады. Жергілікті зергерлер оларды бағалы металдардан және інжу-маржандармен ерекше етіп жасайды. Кез-келген қалта көтеретін бағада алуға болады. Тохбати ауылында батик техникасының көмегімен боялған орамалдар алуға болады, ал шарфтар одан да арзан.

Ең арзан және жағымды кәдесый - жергілікті тропикалық жемістер. Олар - мангустин, рамбутан, манго, салак, драгонфурт. Ең бастысы - тасымалдау кезінде езілмейтін және тез бұзылмайтындарын таңдау.

Ағаштан, тастан, сүйектен және мүйізден жасалған қолөнер бұйымдары әмбебап кәдесый ретінде қолайлы болмақ. Мүсіндер, маскалар, қуыршақтар, шахмат туристер арасында аса танымал.

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети