Мәскеуде баскетболдан халықаралық "ВТБ бірегей лигасының" алқа жиыны өтіп, онда 2014/2015 жылдар маусымындағы біріншіліктің өткізілу тәртібі бекітілді.
"Астана" баскетбол клубы плей-офф додасының алғашқы сатысындағы бірінші ойынын өткізіп, Ресейдің "Нижний Новгород" клубынан 58:71 есебімен оңбай ұтылып қалды.
"Астана" баскетболшылары Қазақстан чемпионатының жартылай финалында Ақтаудың "Каспий" клубын ұтып, финалға шықты. Ойын нәтижелері – 86:70, 90:77, 82:76.
"ВТБ бірегей лигасының" негізгі біріншілігі аяқталып, плей-оффтың бірінші сатысында кездесетін командалар жұбы анықталды. "Астана" онда «Нижний Новгород» (Ресей) клубына түсті.
Биылғы маусымды өте сәтсіз бастаған "Астана" баскетболшылары маусым ортасында бас бапкерін ауыстырып, қамшыны басты. Тіпті Клайпедада жергілікті "Нептунас" клубын ұтып, плей-оффта бақ сынау құқығына қол жеткізді.