бойынша жаңалық Италия

"Арасы 12 жыл". Қызы мен анасының Италияда түскен суреттері жұртты тәнті етті Әлеуметтік желілерде әсерлі видео танымал бола бастады. Араға 12 жыл салып қызы анасының суреттерін қайталауға шешім қабылдап, Италияға жол
15 ақпан 2024
Фото: Ақорда Италия премьер-министрі Тоқаевпен түскен суретін жариялады Италия Министрлер кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони Instagram-парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін жариялады,
19 қаңтар 2024
Сурет Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінен Қазақстан Alpitour итальяндық ірі туристік холдингінің каталогына енді Қазақстан Alpitour итальяндық ірі туристік холдингінің каталогына енді. Бұл оқиғаның Мемлекет басшысының Италияға ресми сапарымен тұспа-тұс
19 қаңтар 2024
Шымбұлақ. Сурет shymbulak.com сайтынан Condé Nast Traveller Italia Қазақстанды тау шаңғы демалысына арналған таңдаулы дестинациялар қатарына енгізді Шымбұлақ тау шаңғы курортының туристік әлеуеті аңызға айналған журналдың итальяндық басылымында қысқы спорт түрлерін ұнататындар арасында әлемдегі
17 қаңтар 2024
© pixabay.com Италияда мүсін ұрлаған турист "қарғысқа" ұшыраған Италияның көне қаласы Помпейде ұрлық деректері жиі анықталады. Дегенмен туристер бұл жерден ұрланған артефактілер адамға бақытсыздық әкеледі
16 қаңтар 2024
Тоқаев Италия мен Ватиканға барады Мемлекет басшысы 18-19 қаңтар күндері Италия және Ватикан мемлекеттеріне ресми сапармен барады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға
15 қаңтар 2024
© pixabay.com Римдегі Треви субұрқағы 1,6 миллион еуро "табыс" тапқан 2023 жылы римдік Треви субұрқағы рекордтық "табыс" тапты. Туристер субұрқаққа 1,6 миллион еуро көлемінде тиын лақтырған. Бұл туралы көрнекі
12 қаңтар 2024
Фото: pixabay.com Италияда тағы бір мұнара құлайын деп тұр Италиядағы тағы бір тарихи мұнара еңкейіп, құлағалы тұр. Оны аман алып қалу үшін бірнеше миллион еуроны құрайтын жөндеу қажет, - деп хабарлайды
14 желтоқсан 2023
Фото: depositphotos.com Планетада баруға тыйым салынған 6 мекен Бүгін келуге, ұшуға немесе жүзуге болмайтын орындар бар деп елестету қиын. Алайда, әлемде әлі де бірнеше себептерге байланысты кіруге болмайтын
11 желтоқсан 2023
Фото:depositphotos.com Ұшу кезінде жолаушылар отырған лайнерді найзағай соқты Танымал Ryanair әуекомпаниясының ұшағын ұшу кезінде найзағай соқты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
29 қараша 2023
© pixabay.com Жанартаудың оянуына байланысты Неаполь тұрғындары эвакуацияланады Италия үкіметі туристер мен жергілікті тұрғындарды эвакуациялау кезінде қауіпсіздік мәселесіне жіті қарайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz
12 қазан 2023
© pixabay.com/Arcturian "15 минутта 8 афтершок". Неапольда жер сілкінісі тіркелді Неапольде кейінгі 40 жылда болмаған жер сілкінісі тіркелді. Сейсмологтардың болжамы бойынша мұнымен жер асты дүмпулері тоқтамайды: ғалымда бір
05 қазан 2023
© pixabay.com/Francesco_Foti Сан-Мариноға визасыз бару: Еуропадағы ең көне мемлекет жайлы не білесіз? Сан-Марино – Италияның таулы аумағында орналасқан кішкентай мемлекет. Ортағасырлық көшелері, таңғажайып көріністері мен дәмді тағамдары кімнің
28 қыркүйек 2023
© Rachpoot/Bauer-Griffin Атақты рэпер қоғамдық көлікте жыныстық қатынасқа түскені үшін жазаланды Венецияда қйықты жалға беретін компания Канье Уэст пен оның әйелі Бьянка Цензориге өз қызметін пайдалануға өмір бойына тыйым салды, - деп хабарлайды
13 қыркүйек 2023
© pixabay.com/Michelle_Raponi Екі ғасырдай салынған Пиза мұнарасының мерейтойы бір жыл тойланады Іргетасы 850 мың жыл бұрын қаланған Пиза мұнарасы жылына ондаған миллиметрге түзеліп келеді. Бұл туралы Пиза қаласының орталық алаңындағы ескерткіштер
17 тамыз 2023
© FlightRadar24 Ашулы ұшқыш әуеде "жыныс мүшесін" салып кеткен Ұшу бағытын өзгерту керек болғандығына ашуланған Lufthansa әуе компаниясының ұшқышы аспанда жыныс мүшесін бейнелей ұшқан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz
10 тамыз 2023
Видеодан кадр Турист әйел әдемі видео үшін жартастан секіремін деп ауруханадан бірақ шықты Италияда демалып жүрген аустралиялық турист әйел теңізге жартастан секіремін дегенде аяғы тайып, тасқа құлады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz
04 шілде 2023
© pixabay.com Италияда селфи түсіргісі келген қыз биіктен құлап кетті Ирландиялық турист қыз Италияда танымал туристік орында биіктен құлап кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Irish Mirror басылымына
02 маусым 2023
Фото:twitter.com/vigilidelfuoco Италияда туристер мінген қайық суға кетті Италияның солтүстігінде 20-дан аса жолаушысы бар туристік қайық суға кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме
29 мамыр 2023
Тоқаев Италия премьер-министріне көңіл айтты Мемлекет басшысы Италия премьер-министрі Джорджа Мелонимен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме
23 мамыр 2023

Қысқаша мәлімет

Орналасуы:  Еуропаның оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауында орналасқан мемлекет
Астанасы: Рим
Ірі қалалары: Милан, Неаполь, Турин, Палермо, Венеция
Жер көлемі: 301 340 шаршы шақырым
Телефон коды: +39
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -4 сағат
Сағаттық белдеуі: GMT+2
Виза: шенген
Тілі: итальян тілі 
Валютасы: еуро
Халқы: 2019 жылы 60 588 366 адам
Діни сенімдері: католик
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: F, C, L. 50 Гц.

© pixabay.com

Италия географиясы мен климаты

Италия Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет және қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі - тау мен қырат. Ең биік жері - Монблан шыңы (4807 метр), Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті - Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді. Орта және Оңтүстік Италияда жер сілкінісі болып тұрады. Италия Австриямен (430 шақырым), Франциямен (488), Словениямен (232) және Швейцариямен (740) шектеседі. Сонымен қатар, Италияның аумағы Ватикан (3,2 шақырым шекара) және Сан-Марино (39 шақырым шекара) мемлекеттерімен қоршалған.

Климаты, негізінен, субтропиктік: жазы ыстық, қуаң, қысы жылы. Шілдедегі орташа температура 20 - 22 градустан (солтүстікте) 28 градусқа дейін (оңтүстікте), қаңтарда 0 градустан (солтүстікте) 12 градусқа (оңтүстікте) дейін. Альпінің жоғарғы жағында қыста -15 - 20 градус аяз болады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 500 миллиметрден (Сицилия, Сардиния) 3000 миллиметрге (Шығыс Альпі, Солтүстік Апеннин таулары) дейін.

Италия климаты өзі сияқты әр алуан болып келеді. Орталықта жаз мезгілінде орташа ауа температурасы + 22 - 26 градус, ал қыста нөл градус. Солтүстікте ауа температурасы теңіз деңгейінен жоғары биіктікке байланысты тау етегінде жылы және лаванда гүлдейді, ал тауларда қар жауады. Оңтүстікте наурыз айынан бастап Сахара шөлінен ыстық жел соғып, жазға қарай температура +35 - 38 градусқа жетеді, ал қыста суық солтүстік жел, температура +10 градус төмен. Сицилияның жазы өте ыстық, ал қысы салқын. Жауын-шашын аз, негізінен тек қыс мезгілінде жауады.

Елдің басты өзені - По (ұзындығы 652 шақырым, Рим қаласы осы өзеннің жағасында орналасқан), үлкен өзендер қатарына Адидже, Брента, Рено, Арно, Тибр, т.б. жатады. Ірі көлдерінің көпшілігі (Гарда, Комо, т.б.) Альпі тауында орналасқан. Жері құнарлы қоңыр топырақты және шалғынды. Альпінің 800 метрге дейінгі биіктіктерінде жалпақ жапырақты (емен, үйеңкі) ормандар, ал онан жоғары қарай шамшат және қылқан жапырақты ормандар, ал ең жоғарғы бөлігінде субальпілік шалғындар өседі. Падан (По) жазығында егіншілік жақсы дамыған. Апеннин тауы мен Сицилия, Сардиния аралдарында мәңгі жасыл шық тоғайлар, емен, шамшат ағаштары өседі. Альпі және Апеннин тауларында тау ешкі, жабайы мысық, сусар, күзен, абруц аюы кездеседі. Италияда 400-ге тарта құс мекендейді. Көрші теңіздері балыққа бай.

© pixabay.com

Италия экономикасы

Италия - әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі жағынан дүние жүзінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франция сынды елдермен қатар тұр. Экономикадағы өнеркәсіп үлесі - 35,6 пайыз, ауыл шаруашылығы - 3,9 пайыз, қызмет көрсету - 60,5 пайыз. Халқының 70 пайызы - қызмет көрсету, 22 пайызы - өнеркәсіпте, 8 пайызы - ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90 пайызы - шарап жасауға жұмсалады), қызанақ өсіріледі. Еуропалық одақтың талабы бойынша мал шаруашылығы аса дамытылмай, көбінесе, сүтті және етті мүйізді ірі қара өсіріледі. Теңіз саудасы жақсы дамыған: экспорттың 60 - 65 пайызы, импорттың 80 - 90 пайызы сауда флотының үлесінде (жүк тасу мөлшері бойынша әлемде 10-орында).

Италия - аса ірі туризм орталығы (жылына 50 миллионнан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) - 40 пайыздан аса, АҚШ (7 пайыз), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б.

© pixabay.com

Италия тарихы

Жат жерліктердің үстемдігіне XVІ ғасырда Италияда басталған феодалдық реакция XVII ғасырдан XVІІІ ғасырға дейін созылды. Осы мерзімде Италия Еуропадағы саудалық біріншілікті жоғалтты. Флоренция, Милан, Венеция сияқты ірі орталықтарда өнеркәсіптік қызметтер қысқарды. Елдегі саяси бөлшектену, экономикалық бытыраңқылық халықты әбден қалжыратып, оған қоса жат жерліктердің үстемдігі, Италия аумағындағы үздіксіз соғыстар жағдайды одан бетер қиындатты.

XVIІ ғасырдың екінші жартысында италиялық патшалар арасында өзара қарулы соғыстар тоқтамады. Францияның Габсбургтер әулетімен соғысы Италия аумағында өтті. Осы уақытта Венеция Жерорта теңізіндегі қалған иеліктерін түріктерден қорғау үшін соңғы күшімен күресіп жатты. Италия әсіресе Испан мұрагерлігі үшін болған француз-испан және австрия соғысының аренасы болып, көп зардап шекті. Қай мемлекет жеңіске жетсе де италиялық қалалар контрибуция төледі, шаруалар тонауға ұшырады.

Испан мұрагерлігі үшін соғыс 1713 жылы антифранцуздық коалицияның жеңісімен аяқталды. Испандар мен француздар Аппенин түбегінен қуылды. Жүдеген, бөлшектенген Италия шет жерліктердің жеңілісін бостандық алуда пайдалана алмады.

1748 жылғы Ахейлік бейбіт келісім бойынша Бурбондар Италияның болмашы бөлігін ғана алды. Оңтүстікте екі елдің патшалығы құрылды Сицилия тағына V Филиптің ұлы, испан тағынан бас тартқан ІІІ Карл отырды. Бірақ түбектің солтүстігінде австрия үстемдігі болды. Ломбардия тікелей австриялықтардың қолында болды Тоскана тағына Габсбургтердің бірі отырды. Қалған италиялық мемлекеттердiң жағдайы және шекаралары айтарлықтай өзгермедi.

Италия Ахен бейбіт келісімінен кейін де бұрынғыша кішігірім мемлекеттердің конгломераты боп қала берді, көп бөлігі Испания мен Австрияға бағынышты еді.

© pixabay.com

Италия экономикасы бұл кезде құлдырау шегіне жетті. Шет елдік басқыншылық, ішкі өзара қырқыстар елдің өнеркәсібі мен шаруашылығын қиратты. Ауыл шаруашылығы төмен деңгейде болды, техникасы қарапайым болды. Жер иелерінің қаңғыған қойлары бөлімшелерден, бөлімшелерге өтіп егіндерді бұзды. Көптеген жерлер қараусыз қалды Италияның өзіне нан жетпей тұрса да астық шет елге тасылды. Бұның бәрі шаруалар көтерілісіне алып келді.

XVІІ ғасырдың ортасында Савойада діни ұранмен соғыстар жүрді. 1674- 1676 жылдары Сицилияда үлкен көтерілістер болды. Шаруалар сеньорлар тонаушылығымен шет елдік басқыншылықтан қашып Франция, Австрия, Швейцарияның таулы жерлеріне көшіп кетті. Сауда жолдарында тонаушылықпен айналысты. Барлық Италияда қайыршыланған кедейлер қаңғып жүрді.

Халық наразылығының өсуі XVІІІ ғасырдағы Италия экономикасының жандануының халыққа пайдасы аз болды. Шаруа жерлері бұрынғыдай соғыс орталығы емес еді, шаруалар мен қолөнершілер еркін тыныс ала алатын еді, кейбіреулері ауқатты фермерлер мен мануфактурашыларға айналды. Бірақ дамыған феодалдық қатынастар кезінде капитализмнің дамуы ел халқы үшін қиынға түсті. Сауда және өнеркәсіптің жоғарылауы ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасының өсуіне алып келді, әсіресе нан бағасы қымбаттады, жалақы төмендеді.Қалаларда мануфактурашылар өзара бәсекелестікке шыдамай қарызға батып, жай жұмысшыға айналды. Ауылдарда майда жер иеленушілік жойылып жатты. Пьемонтте, Ломбардияда жерінен қуылған жалдамалы шаруалар батрақтарға айналды.

1781 жылы венециялық тұрғындар арасында шықты. Солтүстіктегі өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылар басшыларынан арзан нан мен жалақының өсуіне шарлар жасады. Бұл жерде алғашқы жұмысшы қоғамы пайда болды. Өкімет басшылары жұмысшы қозғалысын тұншықтыруға тырысты. 1780 жылы Венецияда жұмысшылар қозғалысы болғанда билік оны мейірімсіз басып, жетекшілерін қорқынышты қорғасын түрмеге қамады.

XVІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Италия мемлекеті Өз табыстарын көбейту мақсатында жер иеленушілер мен ірі жалдамашы шаруаларды жерлерінен қуып, олардың орнына жалдамалы жұмысшыларды қолданып, ірі капиталистік типтегі фермалар құрды. Буржуазиялық қатынастар туындады. Солтүстік Италияға сол кезде барған шет елдіктер прогрессті байқаған.

Белгілі ағылшын агрономы және саяхатшы Артур Юнг XVIII ғасырдың 90-шы жылдары Ломбардияның тамаша ирригацилық құрылысы мен Пьемонттың жақсы өңделген жерлерін айтты. Өнеркәсіптеде өзгерістер байқалды. Оңтүстік Италияда ол құлдырау шегінде болса, Солтүстік Италия мен орталықта даму байқалды. Қала мен ауылдарда қолөнершілер саны артты, мата шығаруда, металл бұйым, қағаз, шыны өндіруге әр аудандар мамандандырылды.

XVIII ғасырда жібек тоқитын станоктер саны 500-ден 1400-ге дейін өсті. Ломбардия, Пьемонте және Тосканада өндірістік ұйымдар да өзгеріске ұшырады: әсіресе тоқыма алдыңғы орындағы мануфактураларды біріктірді. XVІІІ ғасырдың аяғында Солтүстік Италияда ондаған орталықтанған мануфактуралар болды. Пьемонтта жібек өндірісінде 70- 100, кейде тіпті 120 жұмысшы болды. Елдегі ірі өнеркәсіп орталығының бірі сауда жолдарының торабында орналасқан Миланда капиталистік қатынастар жақсы дамыды, онда бір шатырдың астында 300- 400 адам жеке жұмыстарын атқарды. 1752 жылы Туринде І Эммануил патшаның қолдауымен Пьемонттық жібек өндіру және сатумен айналысатын қоғам құрылып, капиталы сол кезең үшін көп болған 600 мың лирге жетті.

Фашизмнен азат етіліп, соғыс аяқталғаннан кейін елдің алдында болашақ саяси құрылыс туралы мәселе тұрды. 1946 жылы референдум өткізіліп, Христиандық-демократиялық партияның (ХДП) жетекшісі Альчиде де Гаспери премьер-министр болды. Каолициялық үкімет құрылып, оның құрамына коммунистер мен социалистер кірді.

1947 жылы желтоқсанда жаңа Конституция қабылданды. Конституция бойынша мемлекет басшысы президент болды. Президент де Гаспери өз саясатын Батыс елдерімен одаққа бағдарлады. 1948 жылы маусымда Италияда "Маршалл жоспарын" қабылдау жөніндегі келісімге қол қойылып, НАТО-ға мүше болды. 1957 жылы Еуропалық экономикалық қоғамдастық құру туралы (ЕЭЫ) Рим келісімі жасалды.

© pixabay.com

1950 жылдан бастап өнеркәсіп өндірісінің жыл сайынғы қосымша өсуі 10 пайыз құраса, ал 1964 жылы ол 15,2 пайызды құрады. Мұны италиялық "экономикалық ғажайып" деп атады.

50-60 жылдары экономиканың қарқынды өсуіне қарамастан, халықтың өмір сүру деңгейі бұрынғы қалпында қалды. 1968-1969 жылдары зейнетақы реформасын, демократиялық тұрғын үй саясатын талап еткен 20 миллионға жуық адам ереуілге шықты.

70-ші жылдары Италияда экономикалық дағдарыс орын алды. Ол өндіріс өсімінің тоқтап, жұмыссыздар санының өсуіне ықпал етті. ХДП басшысы А. Моро коммунистік партияны елді басқаруға тарту туралы "үшінші жолды" ұсынды.

Саяси дағдарысты шешуге талпынған бұл қадам 1978 жылы елдегі "қызыл бригада" деп аталатын топтың ХДП-ның баcшысы А. Мopoны өлтіруіне байланысты тоқтап қалды.

Бұдан соң Италияның үкіметі 5 партиялық коалиция негізінде құрылды, бірақ олар тұрақты болмады. 1983-1987 жылдары Италия үкіметін социалистік партияның жетекшісі Кракси басқарды. Оның мақсаты елді дағдарыстан шығару болды. Пайдасыз мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендірілді. Жалақыны, денсаулық және білім саласына бөлінетін шығындарды қысқарту арқылы "қатал үнемдеу" жүргізілді.

Билік дағдарысы Италиядағы сыбайластық құрылымның қызметімен байланысты болды. Мемлекеттік құрылымдармен бірлесе отырып, мафия қоқан-лоқы, тонау, өлтіру арқылы халықты қорқытып, ақша бопсалады.

1992 жылы мемлекет "Таза қол" бағдарламасын қабылдады. Ол өкіметтің ең жоғарғы сатысындағы басшыларын жемқорлықтан тазалауға арналды. "Таза қолдың" тергеу тізіміне 20 мыңнан астам адам ілінді. Олардың ішінде ХДП мен ИСП басшылары, депутаттар, министрлер болды. Президент Коссига жұмыстан кетті.

1994 жылы парламент сайлауы өтті. Оған С. Берлускони басқарған "Алға Италия!", У. Босси басқарған "Солтүстік Лига" және "Ұлттық альянс" топтары қатысты. "Солтүстік Лига" мен "Ұлттық альянс" негізінде С. Берлускони үкіметі құрылды.

1996 жылы парламент сайлауында "Зәйтүн ағашы" блогының жетекшісі Р. Проди үкімет басшысы болды. Оның билігі кезінде көптеген кәсіпорындар жекешелендіріліп, бюджетке 60 млрд. доллар пайда әкелді. Италия Еуроаймаққа кірді. 2001 жылы "Бостандық үйі" блогы билікке келіп, С. Берлускони үкіметті басқарды. 2011 жылы Италияның премьер-министрі М. Монти болды.

Қазіргі Италия - жоғары дамыған индустриалды мемлекет. Қазақстан мен Италия арасында тығыз сауда байланыстары орнаған.

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Италия қаншалықты тартымды?

Әлем картасында Италия шағын ғана жерді алып жатқанына қарамастан, саяхатшылар үшін таптырмас елді бірі. Әр жолы келген сайын сіз өзіңіз үшін бұл елді жаңа қырынан ашасыз. Әрине барлығы да уақытыңызға, бағытыңызға және қалауыңызға байланысты. Алайда бір анығы: картадан Италияны таңдаған кезде сіз қателеспейсіз - бұл тамаша ел.

Италияның қонақүйлерінің бағасы әр алуан болып келеді. Шығындар негізінен қалаға, маусымға, орталықтан алыстығына, тұрғын үйдің сапасы мен түріне байланысты. Егер орташа сандар туралы айтатын болсақ, олар:

Хостелде түнеу - 16-40 еуро. Егер сапарға екі немесе топ болып баратын болсаңыз, бір бөлмені толық жалдаған дұрыс. Қонақ үйде түнеу 30 еуродан басталады. Үш жұлдызды қонақ үйлер және одан жоғары, таңғы ас берілетін болса, нөмірде ыңғайлы және инфрақұрылым жақсы болса тәулігіне 50 еуродан басталады. Сондай-ақ, airbnb-де жеке пәтер жалдауға болады, оның екі түрі бар: жеке бөлме немесе пәтер толығымен. Орталыққа жақын жерде жайлы тұрғын үй, бөлме үшін 40 еуро және пәтер үшін 55 еуро. 

Көрікті жерлердің негізгі бөлігі ақылы. Кіру билеттерінің бағасы 2 еуродан басталады. 35 долларға Ватиканға кіруге болады. Италияның 39 қаласында 300-ден аса экскурсия ұсынылады.

Таңғы ас 4-6 еуро. Дәмхана/мейрамханада түскі асқа 30-40 еуро жұмсайсыз. Күніне екі адамға 80-100 доллар жұмсап отырасыз. 

© pixabay.com

Қалай жетуге болады?

Егер сіз пойызбен баруды шешсеңіз, ең бірінші осындай бағыт ұсынылады: Алматы - Мәскеу - Варшава (Польша) - Вена (Австрия) - Венеция (Италия) - Рим (Италия). Ал егер өз көлігіңізбен шығуды ұйғарсаңыз онда 6677,3 шақырым жолды бірнеше елдің шекарасын кесу арқылы орта есеппен 82 сағатта жетесіз. Нұр-Сұлтаннан не Алматыдан Италия астанасына не басқа қаласына баратын тікелей әуе рейтері жоқ. Барлық рейстер ауысып отырғызу арқылы жүргізіледі және ең кем дегенде 8 сағатта жетуге болады. 

Италиядағы көлік қозғалысы

Көліктің ең танымал түрлері - пойыздар, автобустар және, әрине, автомобильдер. Олардың қайсысы ең жақсы деп айту қиын, мұнда әркімнің өз таңдауы бар.

Итальяндық темір жол желісі өте жақсы дамыған. Билетті онлайн сатып алған кезде сіз орынды бірден таңдай аласыз. Билет бағасы сапарлайтын күнге жақындаған сайын қымбаттайды. 

Егер сіз қала шегінде жүрсеңіз, автобусты пайдалануға болады. Олардың кестесі әр аялдамада бар. Билеттерді темекі дүңгіршектерінен немесе ATAF белгіленген барақтардан сатып алуға болады. Сол жерде автобус маршруттарының картасын да сатып алуға болады. Автобустарға алдыңғы есіктен кіру керек.

Метро Римде, Миланда, Неапольде, Туринде, Генуада, Катанияда бар. Билеттер сол дүңгіршектерде немесе станциялардағы автоматтарда сатылады. Олардың әрекет ету мерзіміне назар аударыңыз. Қалалық көліктің барлық түрлеріне толық күн билеттерін сатып алу тиімді.

Егер ел аумағын шарлауды жоспарласаңыз, көлікті жалға алу ыңғайлы. Ол үшін халықаралық үлгідегі жүргізуші құқығы, несие картасы және жүргізушінің жасы 21 жылдан кем болмауы керек. Брондау кезінде көлікті толық сақтандырғаныңыз жөн. Егер көлікті алған кезде багы бензинге лық толы болса, тура сондай қалыпта қайтару керек. Қаладағы ең жоғары жылдамдық сағатына 50 шақырым, жергілікті жолдарда - 90, тасжолдарда - 130. Туристерге салынатын ең жиі айыппұл - бұл тарихи орталыққа кіру немесе орынсыз жерде тұрақ. Белгілерді мұқият қадағалаңыз. 

© pixabay.com

Италияда қайда баруға болады?

Италия - Жерорта теңізі жағалауында орналасқан, эконмикалық, мәдени жақсы дамыған еуропалық мемлекеттердің бірі. Италияда туризм жоғары деңгейде дамыған, жылда мұнда әлемнің түкпір-түкпірінен ағылған туристердің шеті, шегі жоқ.

Солтүстік Италия - бұл халықаралық Италия, бір қарағанда, Франциядан немесе Швейцариядан айыру оңай емес. Бірақ мұнда барлығы сәнді шоғырланған, адамдар бұл аймаққа шоппингке, шаңғы курорттарына барады.

Орталық Италия - бұл тарих пен мәдениеттің басты нүктесі: бұл Римнің әр қадамымен көрікті, Ватикан, Пиза және Тоскана.

Ал Оңтүстік Италия: бұл нағыз қызба, ең ыстық және ең шуақты - ең "итальяндық" десе болады.
Италияда 8 мыңнан астам ірі және кіші қалалар бар, бірақ олардың бірнешеуіне бармаған адамды, Италияда болдыңыз деп санамайды. Біріншіден, бұл тарихи қалалар: ежелгі, Византия және ортағасырлық мәдениеті бар ерекше Рим, Ватикан және Рим Папасы резиденциясы; Салерно өзінің археологиялық парктерімен, ежелгі грек әлемімен және Сиракузаның сәулет ескерткіштерімен танымал. Тарихқа толы Агригентодағы ғибадатханалар алқабына және Падуаның Сент-Энтони қаласына баруы керек.

Өнерге құмарлар үшін Флоренцияға бару керек, себебі, Италиядағы ең үлкен картиналар жиынтығы Уффизи галереясында жинақталған. Венецияға бару мүмкін емес: канал бойында салынған бұл қала өз алдына бір үлкен көрік беріп тұр. Ең сәнді сауда Миланда, және романтика іздесеңіз, Веронаны таңдаңыз.

Елдің оңтүстігінде тыныс алу және "сіңіру" жақсы - бұл аймақ ештеңе істемеу үшін жаралған сияқты. Мысалы, Бариде әртүрлі фестивальдер үнемі өткізіліп тұрады, ал көңілді музыка күндіз-түні естіліп тұрады. Ал Сицилияның Трапани қаласында табиғатпен оңаша қалуға болады, мұнда тек егістіктер мен бірнеше фермерлер бар. Әрине, Неаполь - дәл осы жерде пицца ойлап табылған. Содан бері Неаполь адамзат алдындағы өздерінің міндеттерін орындадық деп санайды және өте қарапайым өмір салтын ұстанады.

Италияда жағажай туризмі ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін кәсіби туризм индустриясы болған жоқ. Халықаралық жағажай туризмінің аралдары VIP туризмнің дәстүрлі саласында дамыды, олар: Амальфи, Капри, Версилия, Искья, Сан Ремо және т.б.

© pixabay.com

Италияның жағалау дейінгі сызығы - 7455 шақырым. Егер сіз аралдарды қоссаңыз, онда Италия жағажайы өте ауқымды екенін көресіз. Жерорта теңізі бассейнінде орналасқан бірде-бір ел теңіз ландшафтымен, климатымен, теңіздерімен, жергілікті салт-дәстүрлерімен дәл Италиядай мақтана алмайды. Италия бірнеше ондаған жылдар бойы жаппай жағажай туризміне жол ашты. Көптеген провинциялар мен қоғамдар жыл сайын көк туды алу құқығы үшін күреседі, себебі, көк ту теңіз сапасы мен экологиясының еуропалық сапасының жоғары деңгейде мойындауы болып табылады.

Жағажай курорттарымен қатар, тау шаңғысы курорттары да өте жақсы дамыған. Италияның әр қаласында тау шаңғылы курортты таба аласыз. Олар: Валле-д’Аостада: Грессоне-Ла-Трините, Курмайор, Червиния, Ла Тюиль, Аяс, Пила. Пьемонт: Турин, Сестриере, Бардонеккья, Саузе-д’Ульс. Ломбардияда: Априка, Бормио, Ливиньо, Понте-ди-Леньо, Тонале, Мадезимо Трентинода: Канацеи, Мадонна-ди Кампильо, Пинцоло, Андало, Димаро, Кавалезе.

Альто-Адиджеде: Корвара-ин-Бадия, Ортизеи, Брунек, Доббьяко, Сан-Кандидо, Сельва-ди-Валь-Гардена, Санта-Кристина-Вальгардена және т.б.

Италиядағы шетелдік туристердің басым бөлігі екі жас тобына жатады: 35-тен 44-ке дейін және 45-тен 64-ке дейін, бірінші топ негізінен мәдени туризмге қызығушылық танытады, ал екінші топта тау туризмі, көл туризмі, агротуризм немесе гастрономиялық турларға құмар. Жалпы, "өнер қалалары" деген атпен туризм шетелдік қонақтар үшін қозғаушы күш болып табылады. География тұрғысынан Италияның орталық және солтүстік облыстары ең танымал. 2012 жылғы мәліметтерге сәйкес, туристердің тек 13 пайызы елдің оңтүстік бөлігіндегі туристік орталықтарды таңдаған. Мұнда, сіз күткендей, туристер жағажай демалысын ұнатады. Тамаша тағамдар, салыстырмалы түрде төмен баға және ұзақ өмір сүруге қолайлы климат Италияның оңтүстігінің артықшылығы деп санауға болады.

Италиядағы жағажай, тау, су, мәдени және туризмнің басқа түрлерінің арасындағы айырмашылықтар белгілі бір дәрежеде саяхатшылардың негізгі мақсатына байланысты. Жаңа буын туристері Италияда болуды әртараптандыруға тырысады және қысқа мерзімде мүмкіндігінше көп білуге тырысады, Италияда аптасына (немесе одан да жиі) демалыс әр түрлі қалаларға саяхаттар, экскурсиялар, маршруттар мен түнгі саяхаттардың көп бағдарламасы ұсынылады.

Концепциялы мақсатты туризм түсінігі саяхатшының психологиясын біртіндеп өзгертеді. Италия болашақта мобильді тәуелсіз туристер ағынына сенетіні сөзсіз. Егер бұл үлкен мемлекеттік бағдарламаның бір бөлігі болса, онда елдің әлемдік туристік бағытта жоғары орын алуға барлық мүмкіндігі бар.

Тағы бірнеше қызықты мәліметтерге келсек, Италияны жан-жақты бағалау кезінде шетелдік туристер Рим, Милан, Венеция және Флоренцияны бірінші орынға қояды екен. Алайда, бағалаулар жан-жақты ерекшеленеді: қонақжайлылық пен қауіпсіздік тұрғысынан Сардиния бірінші орынға, тарихи құндылықтар бойынша Рим бірінші орынға, экологиясы бойынша Валь-д'Аоста және туристік ақпаратты ұсынуда Трентиноны алға қоюға құштарлық байқалады. Абруццо, Калабрия және Кампания жергілікті тағамдардың байлығы мен алуан түрлілігінде туристер арасында бірінші орындарды алады.

Италия - Шенгендік келісімге келген елдердің бірі. Ресей мен ТМД азаматтары елге кіру үшін виза мен сақтандыруды қажет етеді.

© pixabay.com

Италия асханасы

Италия - тамақ талғағыштар елі. Оның асханасы мен шарабы сізге әсер қалдырмай қоймайды. Италияндықтар жай ғана тамақ әзірлеуді мерекеге айналдыра біледі. 

Итальяндық мейрамхана. Лигуриялық тағамдар - бұл қарапайым компоненттер арқылы жасалатын шедевр. Ең танымал жергілікті өнертабыс - песто тұздығы, ал анчоус дайындаудағы әртүрлілік таңғалдырады. Оны балғын түрінде, жақсы қуырылған түрінде, тартылған ет түрінде және консервтелген түрінде береді. 

Тосканада жүз дылдық тарихы бар тағамдардан ауыз тиюге болады, мұнда бұқтырылған қабан, қоян немесе көгершін еті отқа қақталып пісіріледі. Орман саңырауқұлақтары, паста, ет. Осының бәріне қосымша әлемге әйгілі италиялық шараптар қойылады!

Умбрия өнімдері де өзінің архаикалық қарапайымдылығымен таңғалдырады. Мұнда үстел патшасы бар - бұл қара трюфель. Оны арнайы оқытылған иттермен жинайды және мұның өзі тұнып жатқан ғылым.

Пасталар мен пиццалардың көптеген нұсқаларынан басқа Лационың қарапайым шаруа тағамдары субөнімдерді қолданады: құйрық, асқазан, бастар... Әрине, аран ашатындай емес, бірақ олар жеуге жарамды әрі өте дәмді!

Теңіз өнімдерінің жанкүйерлері Кампания тағамдарын жоғары бағалайтыны сөзсіз. Балық пен кальмардан басқа, мұнда томат тұздығында әзірленген сегізаяқ, мидийден сорпа, паста дайындайды. Жергілікті ірімшіктер ең шырынды гурмандардың жүрегін жаулайды: проволон, скаморца, качокавалло, буйволиц сүттен жасалған жаңа моцарелла!

Венеция өз асүйін бірегей деп санайды. Балық дайындаудың жүздеген рецептері бар. Танымал тағам - зәйтүн майымен тұздалған кептірілген балық, картоппен мұқият майланған немесе венециялық бұзау бауыры қосылады.

© pixabay.com

Италиядағы қауіпсіздік

Сапарға бара жатқанда, өзіңіздің құжаттарыңыздың көшірмесін алдын ала дайындаңыз (нотариустан расталған болуы керек), медициналық сақтандыруды сатып алыңыз және сөмкелеріңіз ыңғайлы болғаны дұрыс. Италияның ірі қалаларының көшелерінде ұрыларға тап болу қауіпі бар, қолма-қол қаражатты бір жерде сақтамаңыз, сондай-ақ, барлығын картада ұстаудың да қажеті жоқ, кедей аудандарда қымбат әшекейлерді тағып, ұялы телефондарыңызды көрсетпеңіз, қарапайым сақтық шараларын сақтаңыз.

Сондай-ақ, тегін қызметтер немесе арзан тауарлар ұсыныстарынан аулақ болыңыз, ондай ұсыныстарға бей-жәй қарау арқылы сіз өз демалысыңызды келеңсіз оқиғалардан сақтайсыз. 

© pixabay.com

Қандай кәдесыйлар әкелуге болады

Италиядан әкелуге болатын сыйлықтар мен кәдесыйлардың түрлері көп. Бұл азық-түлік, сусындар, киім немесе қандай да бір нәрсе болсын баға сапаға сәйкес болады. 

Зәйтүн майлары, Лимончелло ликері, макарондар, Бальзам сірке суы, ірімшіктер, Панеттоне, шоколад пен кәмпиттер, шұжық өнімдері, кофе, шараптар, асхана ыдыстары, діни атрибутика, карнавалдық бетперделер, киім, қолғап, шарф және галстук, әшекей бұйымдары, аяқ-киімдер, былғарыдан жасалған заттар, иіс сулар. Осы заттардың барлығының Италия үшін тікелей байланысы бар. 

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети