Күн ысығанда тасжолдарда алда су жатқандай көрінетін сәттер жиі кездеседі. Алайда жақындаған кезде "көлшік" ізім-ғайым жоғалып кетеді. Бұл - айна эффектісі ретінде белгілі оптикалық иллюзия.
Күн ысығанда тасжолдарда алда су жатқандай көрінетін сәттер жиі кездеседі. Алайда жақындаған кезде "көлшік" ізім-ғайым жоғалып кетеді. Бұл - айна эффектісі ретінде белгілі оптикалық иллюзия.
"ҚазАвтоЖол" мұндай құбылыстың не себепті туындайтынын және оның жүргізушілер үшін қандай қаупі бар екенін түсіндірді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Жолда неліктен сағым пайда болады?
Бұл құбылыстың себебі - жол төсемінің қатты қызуы. Күн ыстықта асфальт қайнап, оның дәл үстіндегі ауа жоғарырақ деңгейге қарағанда әлдеқайда ыстық болады. Күн сәулесі әртүрлі температурадағы осы ауа қабаттары арқылы өткенде сынып, қисаяды.
Сол себепті жүргізушіге алда жол үстінде су жылтырап жатқандай көрінеді. Шын мәнінде ешқандай көлшік жоқ - бұл жарықтың сынуынан пайда болған аспанның көрінісі ғана. Күн неғұрлым ыстық және тасжолдың түзу бөлігі неғұрлым ұзын болса, бұл эффект соғұрлым айқын байқалады.
"Айна эффектісінің" қаупі неде?
Мамандардың түсіндіруінше, мұндай эффект пайда болған кезде жүргізушіге алда келе жатқан көлікке дейінгі қашықтықты, жолдың тегіс еместігін, таңбаларды, жол жиегі мен кедергілерді бағалау қиындай түседі.
"Әсіресе жолдың түзу бөліктерінде, далалық жерлерде, өрлеу мен еңістерде, сондай-ақ жол төсемі ең қатты қызатын күндізгі уақытта өте сақ болу керек", - деп атап өтті "ҚазАвтоЖол" өкілдері.
"Түзу жол бөліктерінде, далалық жерлерде, өр мен ылдида, сондай-ақ жол төсемі барынша қызатын күндізгі уақытта аса мұқият болу қажет", - деп атап өтті "ҚазАвтоЖол".
Ыстықта жүргізушілер нені есте сақтауы маңызды?
Алыс сапарға шықпас бұрын автокөліктің техникалық жағдайын тексеріп алыңыз. Шиналарға, салқындатқыш сұйықтық деңгейіне, тежегіштерге, кондиционер мен аккумуляторға назар аударыңыз. Ыстықта барлық жүйелер үлкен жүктемемен жұмыс істейді.
Тасжолдағы "айнаны" нақты көлшік деп қабылдамаңыз. Шұғыл тежеудің немесе басқа қатарға ауысудың қажеті жоқ. Жылдамдықты сәл азайтып, қозғалысты сабырмен жалғастырған дұрыс.
Күн ыстықта сағымдардың кесірінен басқа көліктерге дейінгі қашықтықты дұрыс бағалау қиын, сондықтан арақашықтықты сақтаған абзал.
Сондай-ақ көлікке шамадан тыс жүк тиеудің қажеті жоқ. Салмақ неғұрлым көп болса, қозғалтқышқа, тежегіштер мен шиналарға түсетін күш те соғұрлым артады.
Мүмкіндігінше жолға таңертең немесе кешке шығыңыз. Егер сапар ұзақ болса, демалу және көлікті суыту үшін аялдама жасап тұрыңыз.
Өз жағдайыңызды бақылаңыз. Егер шаршауды, ұйқышылдықты немесе бастың ауырғанын сезсеңіз, қауіпсіз жерге тоқтап, су ішіп, тынығып алыңыз.
Өзіңізбен бірге су ала жүріңіз.