бойынша жаңалық Швеция

© pixabay.com/monika1607 Швеция аумағы 500 шаршы метрге көбейді Еуропалық Швеция мен Норвегия елдерінің ортасындағы шекара өзен арнасының өзгеруіне байланысты қозғалды. Осылайша Швецияның батыс бөлігі 500
SVT видеосынан үзінді Стокгольмде америкалық әткеншектің вагоны рельстен шығып кетті - бір адам қаза тапты Швеция астанасы Стокгольмдегі Gröna Lund көңіл көтеру саябағында америкалық әткеншектің вагоны рельстен шығып кетті. Оқиға салдарынан бір адам
© pixabay.com Швеция коронавирусқа қарсы вацинаның 8,5 миллион дозасын жойды Швеция билігі коронавирусқа қарсы вацинаның 8,5 миллион дозасын жойды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Economic Times басылымына сілтеме
Дубай, БАӘ. Фото ©Shutterstock Туристердің пікірінше ең жақсы және нашар қалалар аталды Туристердің Google-дегі 140 000 пікіріне негізделген көрсеткіш бойынша ең жақсы және нашар қалалар аталды. Сарапшылар саяхатшылар арасында ең
Швецияда "Түрме тәжірибесінен" өту. Лонгхольмен аралы туристерді несімен қызықтырады? Шведтік Стокгольмнің қақ ортасында, ел астанасын екіге бөліп тұрған каналдардың ортасында Лонгхольмен аралы орналасқан. Кезінде бұл тас төселген
Фото: pixabay.com. Канада, Торонто 2021 жылғы әлемдегі ең керемет елдер аталды Америкалық US News & World Report жаңалықтар журналы 2021 жылғы үздік 10 елді атады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы TravelPulse.com
©REUTERS COVID-19-ды бірінші болып жеңе алатын ел аталды Швеция коронавирус пандемиясын аяқтау үшін қажет 60-70 пайыздық иммунитетке жететін алғашқы ел болуы мүмкін. Бұл пікірді ресейлік иммунолог,
© pixabay.com Швеция Қысқаша мәлімет

Қысқаша мәлімет

Орналасуы: Скандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет
Астанасы: Стокгольм
Ірі қалалары: Стокгольм, Гетеборг, Мальме, Уппсала, Лунд, Висби, Умео, Вестерос
Жер көлемі: 449964 шаршы шақырым
Телефон коды: +46
Қазақстанмен уақыт айырмашылығы: -5 сағат
Сағаттық белдеуі: CET (UTC+1, жазда UTC+2)
Виза: Шенген
Тілі: швед тілі
Валютасы: швед кронасы
Халқы: 2019 жылы 10,23 миллион адам
Діни сенімдері: лютеран шіркеуінің өкілдері, католиктер 
Жол қозғалысы: оң жақты қозғалыс
Тоқ көзінің түрі: C, F, 230 В, 50 Гц

© pixabay.com

Швеция географиясы мен климаты

Швеция Корольдігі - Солтүстік Еуропадағы Скандинавия түбегінің шығысы мен оңтүстігін алып жатқан мемлекет. Cолтүстік-батысында Норвегиямен, солтүстік-шығысында Финляндиямен шектеседі. Оңтүстік-шығысын Балтық теңізі, ал оңтүстік-батысын Эресунн бұғазы мен Каттегат, Скагеррак бұғаздарының сулары шайып жатыр. Швеция Еуропаның Атлант мұхиты бойы аймағында, қоңыржай белдеудің солтүстік бөлігінде орналасқан. Жағалаулары негізінен онша биік емес, жартасты болып келеді. Ботния шығанағының солтүстік және оңтүстік-батыс шеттері аласа, аккумулятивті, құмдауытты жағалаулар. Оңтүстігінде, Сконе түбегінде абразивті жағалаулар басым. Солтүстік және батыс аудандарын альпілік рельеф, жоталар мен тауішілік ойыс телімдері қыраттармен үйлесіп келетін Скандинавия таулары (биіктігі 2123 метрге дейін, Кебнекайсе тауы) алып жатыр. Оңтүстігінде Скандинавия тауларынан Ботния шығанағына қарай аласаратын Норланд (биіктігі 200 - 800 м) қыраты орналасқан.

Климаты Гольфстримнің күшті жылылық әсеріне ұшыраған қоңыржай. Елдің солтүстік аудандарындағы климат неғұрлым қаталдау. Орталық және оңтүстік аудандарындағы климат теңіздіктен континенттікке ауыспалы (кей жерлерде - теңіздік). Оңтүстігінде қаңтардағы орташа темпетурасы 0-5 градус, солтүстігінде – 6-14 градус болады. Жазы салқындау, оңтүстігінде шілденің орташа темпетурасы 15-17 градус, солтүстігінде 10-11 градус шамасында. Бүкіл Швеция аумағындағы қыс ұзаққа созылып, жазы қысқа болады. Швецияда қысқа, қар, жаңбыр суларымен толығатын өзендер көп (ең ірілері Доль-Эльвен, Турне-Эльв, Клар-Эльвен, т.б.). Өзендерінің көпшілігі шығысқа қарай ағып, Ботния шығанағы мен Балтық теңізіне құяды.

© pixabay.com

Швеция экономикасы

Швеция - жоғары дамыған өнеркәсіпті ел. Швецияның кедей аграрлық елден қазіргі заманғы өнеркәсіптік қоғамға айналуы темір кентастары, ағаш пен су қуатына байланысты болды. Ағаш материалдары, қағаз бен болат шығару үшін қолданылған бұл табиғи ресурстар экспортқа бейімделген өнеркәсіптің негізін қалады. "Швед социализмі" атанған бұл ұлттық экономикалық үлгі капиталистік және социалистік даму жолдарының ең озық қасиеттерін қамтыған жеке меншік үстемдігі бар аралас түрдегі нарықтық қатынастарға сүйенеді. Швеция өнеркәсібі экспортқа бағытталған, сол себепті оның өнімі елдің барлық сыртқы саудасының негізін құрайды. Швеция негізінен әртүрлі құрылыс материалдарын, жиһаз, құрастырылатын үйлер шығарады. Бұған қоса металлургия (сапалы және арнаулы болаттар шығару), машина жасау, ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі, химия, тағам (негізінен сүт және ет өнімдерін шығару) өнеркәсібі неғұрлым жоғары дамыған.

Целлюлоза-қағаз өнеркәсібі Ботния бұғазына құятын өзендердің бойына шоғырланған. Өндіріс орындарының көпшілігі Швецияның орталық ауданында орналасқан. Ең ірі "Швед болат компаниясы" концерні мемлекет меншігінде. Машина жасау саласына барлық өнеркәсіп өнімдерінің 50 пайызына жуығы тиеді.

Автомобиль және аэроғарыш өнеркәсібінің зауыттары оңтүстік және орталық Швецияда шоғырланған. Автомобиль өнеркәсібі Volvo ("Вольво") компаниясының зауыттары Гетеборгте, ал Saab-Scanіa ("Сааб-Шаниа") компаниясының зауыттары Тролльхаттенде орналасқан. Дәрі-дәрмек жасау мен биотехнология салалары - швед экономикасының ең үрдісті және болашағы зор өнеркәсіп салалары.

Аграрлық швецияның жетекші саласы - етті-сүтті ірі қара мал өсіру. Ірі қара мал бүкіл Швеция аумағында өсірілсе, шошқа мен үй құстары елдің оңтүстігінде ғана өсіріледі. Егін шаруашылығы үшін бүкіл ел аумағының 7 пайызына жуығы пайдаланылады. Елде банк жүйесі мен туризм жақсы дамыған.

© pixabay.com

Швеция тарихы

Швеция аумағында алғашқы адамдар б.з.б. 8-9-мыңжылдықта пайда болған. Шамамен б.з.б. 3-мыңжылдықта бұрын аңшылық және балық аулаумен айналысқан халық мал және егін шаруашылығына көшті. Б.з.б. 2-мыңжылдықта құрлықтық Еуропадан Швеция аумағына үнді-еуропалық тіл тобындағы мал өсіретін тайпалар баса-көктеп кіріп, жергілікті тұрғындарды бағындырды. Б.з. бас кезінде онда солтүстік герман тайпалары өмір сүрді.

VIII-XI ғасырларда швед викингтері сауда жүргізу мен тонау мақсатында көршілес аймақтар мен Руське, Византияға, Волга бұлғарлары мен хазарларға, Араб халифатына жорықтар жасап тұрды. Алғашқы сауда орталықтары салына бастады. XI ғасырлардың бас кезінде елге христиан діні енді. Осы кезде свейлер корольдігі (Свитьод) құрылып, швед халқы қалыптаса бастады.

Шведтердің 1240 жылы Нева шайқасында А. Невский басқарған орыс және түркі-моңғолдардың біріккен әскерінен жеңілуі олардың шығысқа қарай жылжуын тоқтатты. 1250-1363 жылы елде Фолькунгтер әулеті орталықтандырылған мемлекет құрды. Олар көп ұзамай Финляндияны бағындырды. 1397 жылы Кальмар униясы бойынша Швеция, Дания мен Норвегия бір монарх – Дания королінің қол астына бірікті.

1471 жылы Швеция Даниядан ішкі автономияны жеңіп алды. Дания үстемдігіне қарсы көтерілістің басшысы Густав Эриксон 1523 жылы. Швеция королі болып (І Густав Ваза) сайланды. 1610-12 жылы швед әскерлері Ресейге жасалған поляк интервенциясына қатысты.

XVII ғасырда Швеция Еуропадағы аса қуатты мемлекеттердің біріне айналып, өз иеліктерін кеңейтті. Лифляндия, Солтүстік Германия жерлері қосылып алынып, даттар Скандинавия түбегінен қуылды. Бірақ 1700-1721 жылы Ресеймен болған Солтүстік соғыстың нәтижесінде Балтық жағалауындағы, Карелиядағы (Выборг қаласы) жерлерінен айрылып, ірі теңіз державасы болудан қалды.

XVIII ғасырлардың ортасында Финляндияның оңтүстік-шығыс бөлігі Ресейге кетіп, 1808-1809 жылы орыс-швед соғысынан кейін бүкіл Финляндиядан айрылуға мәжбүр болды. 1814 жылы Киль келісімі бойынша Швецияның құрамына Норвегия енді.

1834 жылы Швецияның тұрақты қарулы бейтараптығы жөніндегі декларация қабылданды. 1905 жылы Норвегиямен жасалған уния бейбіт жолмен бұзылып, Норвегия өз дербестігіне ие болды. 1-дүниежүзілік соғыста Швеция бейтараптығын сақтады.

2-дүниежүзілік соғыс кезінде Швеция бейтараптығын сақтағанымен неміс әскерлеріне өз аумағы арқылы өтуге мүмкіндік берді. Соғыстан кейін 1948 жылы "Маршалл жоспарына" қосылып, АҚШ-тан қаржылай көмек алды. Дегенмен, НАТО құрылғанда Швеция өзінің әскери одақтарға қатыспау саясатын жариялады. Швецияның қазіргі мемлекеттік құрылысы 1974 жылғы конституциямен айқындалған. 1982 жылдан бері Швециядағы үкімет билігін социал-демократтар өз қолдарында ұстап келеді.

© pixabay.com

Қазақстандық туристер үшін Швеция қаншалықты тартымды?

Швецияда адам өмірін ыңғайлы ету үшін бәрі жасалған: сапалы қонақүйлер, әртүрлі тау шаңғысы курорттары, әсем табиғаты мен көрікті жерлері. Жайлы да, таза Стокгольм және сүйкімді қала Мальме, Карлсон және Нобель, Икеа және Абба - барлығы сіздің Швецияға деген қызығушылығыңызды оятпай қоймайды.

Швеция қонақүйлерінде жұлдызға байланысты ресми санат жоқ, сондықтан туроператорлар субъективті бағалау нәтижесінде анықтап жатады. Елде скандинавиялық типтегі қонақүйлер бар: ешқандай жасандылық жоқ, барынша таза және ыңғайлы, жоғары қызмет көрсету. Қонақүйлерде сағат 16: 30-дан бастап тамақ пен сусынға 10 пайыз жеңілдік қарастырылған.

Швецияда үлкен қалаларында люксті қонақүйлер де бар. Ал провинцияларда мұндай қонақүйлер бұрынғы патша сарайларында жабдықталғандықтан, олар өте жоғары бағамен қызмет көрсетеді.

Тау шаңғысы курорттарындағы қонақүйлер мен апартаменттер альпі стилінде салынған, көптеген апартаменттерде (90 пайызда - сауна бар).

Швецияға қалай жетуге болады?

Сіз Швецияға Алматы-Стокгольм, Нұр-Султан-Стокгольм әуе рейстері арқылы ұша аласыз. Швеция астанасында екі әуежай қызмет етеді: халықаралық және ішкі рейстерді қабылдайтын Арланда және ішкі бағыттарға қызмет көрсететін Бромма. Арланда әуежайы Стокгольмнан солтүстікке қарай 42 шақырым жерде орналасқан.

© pixabay.com

Швециядағы көлік қозғалысы

Ел ішінде, әсіресе орталық аймақтарда және оңтүстікте дамыған теміржол желісі. Ірі қалалар арасында жүрдек пойыздар жүреді. 19 жасқа дейінгі жолаушыларға 50 пайыз жеңілдік беріледі. Еліміздің солтүстік бөлігінде автобуспен барған дұрыс. Автобуспен жүру құны пойызға қарағанда арзан, билеттер автовокзалдарда сатып алынады. Стокгольм мен жағалауда орналасқан қалалар арасында, сонымен қатар аралдарда кемелер жүреді.

Қалаларда автобустар жүреді, ал астанасында метро және электр пойыздары бар. Стокгольмда бір билет сізге қаланың 5 аймағында кез-келген қалалық көлік түріне саяхаттау құқығын береді. Қалада метро 5:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді. Швецияда таксиге телефон арқылы хабарласқан дұрыс, өйткені көшеде көлік ұстап алу қиын.

Автокөлікті жалға алу үшін сізде халықаралық жүргізуші куәлігі, сіздің атыңызға берілген несие картасы, азамат 21 жастан жоғары және 1 жылдан астам көлік жүргізу тәжірибесі болуы керек.

Швецияда қайда баруға болады?

Стокгольм қаласы - Швецияның астанасы. Ол Балтық теңізі жағалауының аралының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, қаланың солтүстік-батысын Маларен көлі шайып жатыр. Стокгольмнің 750 жылдан астам тарихы бар. Тар көшелерде көптеген шағын кафелер мен дүкендер орналасқан. Негізгі туристік орындар – Әулие Николай соборы, мұнда швед монархтары таққа тағайындалатын ең маңызды шіркеу; Риддахолм шіркеуі - швед патшалары мен ақсүйектерінің жерленген жері; Король сарайы (әлемдегі осындай сарайлардың ішіндегі ең үлкені), ол швед патшаларының резиденциясы болып табылады; Нобель сыйлығын тапсыру рәсімдері өтетін "Стадхюсет" қалалық залы.

Стокгольмнан 70 шақырым қашықтықта Уппсала қаласы бар. Мұнда 1477 жылы Скандинавиядағы алғашқы және ең үлкен университет құрылды. Уппсалада Швециядағы ең көне шіркеу Гот соборы, оның құрылысы 1260 жылы басталған. Оның биіктігі 120 метрге жетеді.

Гетеборг порты ағылшын саудагерлерінің баспанасы болған және әлі күнге дейін өзінің эклектикалық сәні мен мәдени дәстүрлерінің әртүрлілігі үшін "Кіші Лондон" деп аталып кеткен. Қала өзінің жасыл саябақтарымен, таза жағажайларымен және қызықты мұражайларымен тәнті етеді. Ең танымал көрнекті орындар - футуристік Гетеборгиялық опера, Эльвесборг монументалды бекінісі, Гуннебу қамалы және Солтүстік Еуропадағы ең үлкен Лисеберг ойын-сауық саябағы.

Мальмо қаласы кішкентай болса да, өте қонақжай, саябақтары мен жағажайларымен танымал. Оның әйгілі символдарыының бірі - әйгілі бұралған ғимарат "Кеудемен толық бұрылу" деп аталады, сонымен қатар, Швецияны Даниямен байланыстыратын Эресунн көпірі және керемет Emporia сауда орталығы бар.

Тау шаңғысы курорттары да жоқ емес: Тегефьелл, Оре-Бу, Оре-Бьернен және Дувед шаңғымен сырғанау аймақтарын қамтитын Идре, Сэлен және Орені атауға болады.

© pixabay.com

Швеция асханасы

Швед асханасында негізінен балық тағамдары көп. Бұл тұздалған майшабақ, қыша қосылған майшабақ, шарап, пияз, ақ соусы бар майшабақ, грильде немесе пеште лимон қосып пісірілген майшабақ, "гласмэстарсиль" маринадындағы майшабақ, сондай-ақ шаян тәрізділер, уылдырық, "лютфиск" теңіз шортаны және өзен балығы. Балық тағамдары картоп пен көкөністер салатымен, әр түрлі тұздықтармен дәмделіп ұсынылады.

Ет тағамдарының ішінде шошқа етінен дайындалған "фласкруладер", "истербанд" ащы шошқа еті, "ренстек" туралған бұғы еті, "леверпаштей" паштеті, "коттбуллар" үлкен тұшпаралары, Рождестволық ет тағамы және "унстег альг" қуырылған бұлан еті бар.

Десертке құймақ, кекстер, әр түрлі салмасы бар бәліштер (алма мен көкжидек қосылғаны өте дәмді) және печенье беріледі. Сусындардан шведтер кофе мен минералды суды жақсы көреді. Алкогольді сусындардың ішінде пунш пен грог танымал.

© pixabay.com

Швециядағы қауіпсіздік

Швеция әлемдегі қауіпсіз елдердің қатарына енуі бекер емес, себебі, мұнда қылмыс деңгейі өте төмен. Алайда, қалта ұрылары туристер бар жерде жүретіндіктен, әмияныңызды бақылап, құнды заттарыңызға мұқият болыңыз. Көшеде қоқыс тастамау керек: шведтер тазалық мәселесінде өте қатаң қарайды, сондықтан асфальтқа лақтырған қағаз үшін 800-1000 SEK айыппұл салынуы ғажап емес. Бұл қала маңындағы демалысқа да қатысты: бастысы басқалардың тыныштығын бұзбау және қоршаған ортаға зиян келтірмеуіңіз керек.

Елде темекі шегу қатаң бақылауда: қоғамдық орындарда, соның ішінде мейрамханалардың көпшілігінде темекі шегуге болмайды (айыппұл 5000 SEK дейін). Кейбір тамақтану орындарында темекі шегетіндерге арналған арнайы орындар бар, бірақ оларда тамақ пен сусындар ұсынылмайды.

Алкогольді сусындарға қатысты да өзіндік қиындықтар бар: сіз алкогольді ішімдікті тек Systembolaget желісінің ресми дүкендерінен, содан кейін нақты уақытта ғана сатып ала аласыз: сенбіде 10:00-ден 13: 00-ге дейін және жұмыс күндері 18:00-ге дейін алуға болады. Ішімдік тек 20 жастан асқан адамдарға сатылады, лицензияланған барлар мен мейрамханаларда жас шектеуі 18-ге дейін төмендетіледі. Кәдімгі супермаркеттерде тек алкогольсіз сыраны ғана таба аласыз.

© pixabay.com

Швециядан қандай кәдесыйлар алуға болады?

Швециядағы дүкендерде бірыңғай кесте жоқ. Әдетте, олар дүйсенбіден жұмаға дейін 9:30-дан 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Базарлар мен басқа да ірі дүкендер әдетте жексенбі, сағат 12.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейді. Азық-түлік дүкендері күн сайын ашылады, әдетте 20:00-ге дейін, ал кейбіреулері ұзағырақ. Қысқы жеңілдіктермен сатылым 27 желтоқсанда басталып, бір айға созылады.

Кәдесый ретінде сіз шыны және хрусталь, болат және күміс бұйымдарын, ағаштан жасалған бұйымдарды ала аласыз. Әйелдер мен балаларға арналған киімдер, әсіресе скандинавиялық жемпірлер де жақсы бағаланады.

Швецияның танымал кәдесыйлары - "боялған" жылқылар мүсіндері, әр түрлі бұғы және викингтер фигуралары, Астрид Линдгрен ертегілерінің кейіпкерлері және олармен байланысты барлық нәрселерді алуға болады. Азық-түлік дүкендерінде "Глег" Рождестволық шағын алкогольді ішімдігін, жергілікті кәмпиттер немесе печенье, солтүстік жидектерінен жасалған джем немесе майшабақ сатып алуға кеңес беріледі.

  • 1
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная