06 қараша 2016 18:37

Энди Маррей алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды 

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bbc.com © bbc.com

Париждегі "Мастерс" туринирінде жарақат алған Милош Раонич ойыннан шыққан соң, Маррейдің ең жоғары сатыға көтерілгені белгілі болды, - деп хабарлайды Хабар арнасы.


Париждегі "Мастерс" туринирінде жарақат алған Милош Раонич ойыннан шыққан соң, Маррейдің ең жоғары сатыға көтерілгені белгілі болды, - деп хабарлайды Хабар арнасы.

Маррей бұл атақты иемденуі үшін турнирдің финалына жетуі де жеткілікті болатын. Өйткені осы титулды біраз уақыттан бері өз уысында ұстап келген Новак Джокович ширек финалда хорваттық Марин Чиличтен ұтылып қалды. Ал, Маррейдің өзі чех теннисшісі Томаш Бердыхті жеңді.

Айта кетейік, Рио Олимпиадасында Маррей жеңімпаз атанған болатын. Осылайша ол екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети