01 қазан 2018 17:35

Қазақстандық теннисші Шымкентте өткен ITF турнирінің финалына жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Шымкентте өткен халықаралық ITF турнирінің финалына жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Шымкентте өткен халықаралық ITF турнирінің финалына жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалда қазақстандық теннисші ресейлік Дарья Лодиковамен кездесіп, 6:7(5), 4:6 есебімен ұтылды. Финалға дейінгі айналымда өз отандасы Екатерина Дмитриченконы 6:4, 6:7(0), 6:3 есебімен жеңді, ал ширек финалда хорват спортшысы Александра Олейникованың 7:6(1), 7:5 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ жарыс басында ресейлік Камила Рахимова мен Влада Ковальды жарыстан шығарды. 

Тағы бір қазақстандық теннисші қыз Екатерина Дмитриченко жұптық кездесуде жеңімпаз атанды. Шешуші ойында ол ресейлік Анна Яковлевамен жұптсасып, өзбекстандық Ясмина Каримжанова мен Севиль Юлдашеваны 6:4, 6:3 есебімен жеңді. 


Суреттер Қазақстан теннис федерациясынан. 

Айта кетейік, Шымкентте өткен турнирдің жүлде қоры - 15 мың доллар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети