13 тамыз 2019 09:08

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева "Ролан Гаррос" чемпионын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юлия Путинцева. © Reuters Юлия Путинцева. © Reuters

Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева америкалық Цинциннатиде өтіп жатқан WTA Premier сериясындағы турнирде латвиялық Елена Остапенконы жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 


Қазақстанның бірінші ракеткасы Юлия Путинцева америкалық Цинциннатиде өтіп жатқан WTA Premier сериясындағы турнирде латвиялық Елена Остапенконы жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Үш сеттің қорытындысы бойынша матч 2;6, 7:6, 6:3 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта екі сағат, 25 минут күш сынасты. 

WTA рейтингінде Путинцева 42-орында келеді. Ал 2017 жылы "Ролан Гарросты" жеңіп алған 22 жастағы Остапенко қазір 75-орында тұр. Өзара кездесулер бойынша қазақстандық теннисші 2:1 есебімен алда. 

Енді Цинциннатидегі турнирдің екінші айналымында Путинцева 2017 жылы US Open-ді жеңіп алған америкалық Слоан Стивенспен кездеседі. Стивенс қазір WTA рейтингінде сегізінші орында келеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети