1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Теннис

Кукушкин US Open турнирінің үшінші айналымына өтті 03 қыркүйек 2015, 09:34

Екінші айналымда қазақстандық теннисшінің қарсыласы болгариялық Григор Димитров болды.
© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин US Open турнирінің үшінші айналымына өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz

Екінші айналымда қазақстандық теннисшінің қарсыласы болгариялық Григор Димитров болды. Ойын үш сағатқа созылып, Кукушкиннің жеңісімен аяқталды. Есеп 3:6, 6:7(2), 6:2, 6:4, 4:6 болды.

Айта кетейік, Кукушкин әлемдік рейтингте 56-шы орында, ал Димитров 17-ші орында тұр. US Open турнирінің үшінші кезеңінде қазақстандық спортшы Хорватия теннисшісі Марин Чиличпен кездеседі.