15 қазан 2014 10:46

Михаил Кукушкин Кремль кубогының екінші кезеңіне шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кремль кубогының екінші кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кремль кубогының екінші кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші айналымда спортшы ресейлік теннисші Карен Хачановпен кездесті. Бұл матч 6:7 (3:7), 6:0, 5:2 есебімен Кукушкиннің жеңісімен аяқталды. Кездесу екі сағат төрт минутқа жалғасты. Екінші турға шығуға қазақстандық теннисшіге ATP рейтингіндегі 55 ұпай мен 9900 доллар көлеміндегі жүлде мүмкіндік берді. Екінші айналымда спортшы төртінші нөмірде тұрақтаған италиялық теннисшісі Фабио Фоньинимен кездеседі. Михаил Кукушкин жайлы басқа жаңалықтарды мына жерден оқи аласыздар.

Кәсіпқой-теннисшілер Ассоциациясы (ATP) рейтингінде Михаил Кукушкин 11 сатыға көтерілді. Енді ол 74-орында. Айта кетейік, Шанхайдағы турнирдің "Мастерс" сериясында қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джоковичпен кездесті. Олар жүлде қоры 4,2 миллион долларға жуық біріншіліктің ширек финалына шығуға таласқан еді. 2 сағат 18 минутқа жалғасқан кездесу 6:3, 4:6: 6:4 есебімен серб теннисшісінің пайдасына шешілді. Шанхайдағы жарысқа қатысуға қазақстандыққа ATP рейтингіндегі 90 ұпай мен 52,4 мың доллар көлеміндегі жүлдесі мүмкіндік берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети