25 қыркүйек 2014 21:42

Рафаэль Надаль Нұрсұлтан Назарбаевқа ракеткасын тарту етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Рафаэль Надаль Астанада. ©Vesti.kz Рафаэль Надаль Астанада. ©Vesti.kz

Астанаға арнайы ат басын тіреген белгілі испан теннисшісі Рафаэль Надаль Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің ракеткасын тарту етті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Астанаға арнайы ат басын тіреген белгілі испан теннисшісі Рафаэль Надаль Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзінің ракеткасын тарту етті, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Надаль мен француз Жо-Вильфрид Тсонга  арасындағы көрнекі матч алдында Мемлекет басшысы белгілі теннисшілермен жүздесіп, олардың келуі еліміздегі теннис спортының дамуына маңызы барын атап өткен. "Бұл қазақстандық жас спортшылар үшін айтулы оқиға. Сіздер өздеріңізбен ойнауға мүмкіндік беріп, олардың спортқа деген құлшынысын ерекше арттырдыңыздар. Сондай-ақ біздің елді көріп, елордамыздың маңызды нысандарында болдыңыздар" - деді Назарбаев.

Президенттің айтуынша, қазір Қазақстанда теннисті насихаттау үшін үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. "Мысалы, менің өзім 40 жасымнан соң теннис ойнай бастадым. Бүгіндері еліміздің барлық жерінде, барлық аймағында теннис орталықтары ашылып, оны кеңінен насихаттау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әрине, біз әзірге Испаниямен теңесе алмаймыз, бірақ болашақта өзіміздің мықты спортшыларымызды дайындап шығара аламыз" - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Өз кезегінде Надаль мен Тсонга шақыртуға алғыстарын білдіріп, Қазақстанға келу олар үшін үлкен мәртбе екенін атап өтті. Олар өздерінің бұл келісі мен өзара матч өткізуі елдегі теннис спортына қызығушылардың санын арттырады деп сенім білдірді.

Рафаэль Надаль мен Жо-Вильфрид Тсонга Астанаға 24 қыркүйекте келді. Олар Team Kazakhstan академиясында тәрбиеленуші қазақстандық жас теннисшілер үшін мастер-класс өткізді. Сондай-ақ, Астананың қонақжай нысандарында болды. 

Рафаэль Надаль - 2008 жылғы Олимпиада чемпионы, Үлкен шлемнің 14 турнирінің жеңімпазы, "Алтын шлемнің" иегері, сондай-ақ Испания құрамасы атынан Дэвис кубогын үш рет иеленген.  Жо-Вильфрид Тсонга - АТР-дің 15 турнирінің жеңімпазы, 2012 жылғы Олимпиада ойындарының еркектер жұбы бойынша күміс жүлдегері, Франция ұлттық құрамасынан 2014 жылы Хопман кубогын иеленген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети