01 қазан 2014 12:33

Сесиль Каратанчева Қазақстанның намысын қорғамайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сесиль Каратанчева. ©webcafe.bg Сесиль Каратанчева. ©webcafe.bg

Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева Болгария азаматтығын қайта алып, турнирлерге өзінің туған елінің атынан қатысу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық теннисші Сесиль Каратанчева Болгария азаматтығын қайта алып, турнирлерге өзінің туған елінің атынан қатысу туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен турнирлерге Болгарияның атынан қайта шығу туралы шешім қабылдадым және келісімшартты бұзғаным үшін барлық өтемақыны төлеуге дайынмын. Дегенмен мен келісімшарттың екі жақтың келісімі бойынша бұзылатынына 95 пайыз сенімдімін. Үйге оралатын кез келді. Отаныма оралатын кезді асыға күтіп жүрмін және өз елімнің намысын қайта қорғағым келеді", - дейді Сесиль Каратанчева. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. Еске салайық, 25 жастағы Сесиль Каратанчева 2009-жылдан бері Қазақстанның намысын қорғап келеді. Ол кезде теннисші азаматтығын ауыстыруына басты себеп қаржылық қиындық деген болатын. 

"Олар маған қиын кезде көмек көрсетті. Қазір мен ол қиындықтарды күле еске аламын, бірақ сол кезде күлетіндей жағдай болған жоқ еді - бізде жаттығу жасау кезінде қиындықтар көп болды", - дейді спортшы. Қазір Сесиль Каратанчева Халықаралық әйлдер теннисі қауымдастығының рейтингінде 180-орында тұр. Оның осы уақытқа дейінгі ең үздік көрсеткіші 35-орын болған. Бұл орынға теннисші қыз 16 жасында жеткен еді. 

Айта кетейік, 2005 жылы Сесиль Үлкен дулыға санатындағы "Ролан Гаррос" турнирінің ширек финалына дейін жеткен. Сондай-ақ ол жасөспірімдер арасындағы әлемнің бірінші ракеткасы да болған. Алайда, Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін теннисші өзінің бұл көрсеткіштерін қайталай алмады.  

 

.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети