Шведова WTA рейтингінде алты сатыға жоғарылады

16 Маусым 2015, 09:48
0
© Zimbio.com
© Zimbio.com

Қазақстандық Ярослава Шведова Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) жаңартылған рейтингінде алты сатыға жоғарылады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Өткен аптада Ярослава Шведова Хертогенбоста (Голландия) өткен турнирде ширек финалға дейін шықты. Нәтижесінде ол 70-ші орынға көтерілді. Ал Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс екі сатыға төмендеді, яғни ол 34-ші орында тұр. Қазақстандық тағы бір теннисші қыз Юлия Путинцева 93-ші орнын сақтап қалды.

Еске сала кетейік, осыған дейін Шведованың әлемнің 10-шы ракеткасын жеңгені хабарланған болатын. Андреа Петковичпен өткен кездесу 5:0 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. 27 жастағы неміс қызы ойынды жалғастырудан бас тартты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай