23 қыркүйек 2014 14:56

Шведова мен Путинцева Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ярослава Шведова. ©zimbio.com Ярослава Шведова. ©zimbio.com

Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова, Юлия Путинцева және Камила Керімбаева Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы командалық есепте үшінші орын алды.


Қазақстандық теннисшілер Ярослава Шведова, Юлия Путинцева және Камила Керімбаева Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы командалық есепте үшінші орын алды.

Қазақстандық теннисшілер турнирдің жартылай финалында Тайпей құрамасынан 1:2 есебімен ұтылды. Бұл екі құрамалар арасындағы кездесудің бірінші ойынында Юлия Путинцева екі сетте Чань Юн Яннан 4:6, 1:6 есебімен ұтылды. Содан кейін кортқа Ярослава Шведова шықты. Ол Тайпейдің бірінші нөмірлі теннисшісі Хси Су-Веймен ойнады. 

Кездесудің бірінші сетінде отдасымыз 6:3 есебімен жеңіске жетті. Тартысты өткен екінші сеттің қорытындысы бойынша Ярослава тай-брейкте 7:6 есебімен ұтып, командалық есепті 1-1 жеткізген болатын. Бірақ, үшінші әрі шешуші ойында  Ярослава Шведова мен  Юлия Путинцева Хси Су-Вей мен Чань Хао Чин ойнап, тайпейлік теннисшілер 6:2, 6:0 есебімен жеңіске жетті.

Азия ойындары барысында теннистен Қазақстан әйелдер құрамасына қараған ерлер құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Александр Недовесов, Михаил Кукишкин, Андрей Голубев сынды теннисшілерден құралған Қазақстан құрамасы бүгін, турнирдің жартылай финалында Өзбекстан құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Алдымен Александр Недовесов қарсыласы Фарух Дустовты 6:3, 6:4 есебімен ұтса, Михаил Кукушкин Денис Истоминге 6:4, 3:6, 4:6 есебімен жеңіліп, бұл кездесудегі жеңімпаз да жұптық сында анықталды. Жұптық сында біздің елдің атынан Александр Голубев пен Александр Недовесов ойнады. Ал Өзбекстан құрамасы болса бұл шешуші ойынға Денис Истомин мен Фарух Дустовты шағарды. Екі сетке созылған тартысты кездесуде қазақстандық теннисшілер 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты.

Енді финалдық кездесуде Қазақстан құрамасының теннисшілері 24-қыркүйек күні өтетін Жапония және Қытай арасында жеңіске жеткен құрамамен ойнайды. 

Ярослава Шведова - ресейлік теннисші, 2008 жылдың тамыз айының соңынан бастап, Қазақстан құрамасының намысын қорғап жүр. Юлия Путинцева да - ресейлік спортшы. Ол 2012 жылдан бастап турнирлерге Қазақстан атынан қатысып келеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети