Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Зарина Дияс Australian Open чемпионатында Шараповадан ұтылды

23 Қаңтар 2015, 16:11
0
Зарина Дияс. ©Wtafinals
Зарина Дияс. ©Wtafinals

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс теннистен Австралияның ашық чемпионатының (Australian Open) бірінші маусымындағы үшінші айналымында ресейлік Мария Шараповадан ұтылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бірінші сет Дияс үшін сәтсіз басталды. Ол қатарынан төрт геймде ұтылып, тек бесінші ұпайды ала алды. Нәтижесінде Шарапова 27 минут ішінде бірінші сетте 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші сетте Дияс Шарапованың допты ойынға қосуында нәтижелі болды, бірақ қалған геймдерде есе жіберіп қойды. Осылайша 1 сағат екі минутқа созылған матч 6:1, 6:1 есебімен Australian Open біріншілігінің екінші ракеткасының пайдасына шешілді. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Матч кезінде Шарапова үш эйс жасады, ал Диас бір де бір эйс алмады. Сонымен қатар, 27 жастағы ресейлік спортшы мүмкін болған он брейк-пойнттың алтауын өз пайдасына жазды. Айта кетейік, Мария Шарапова әлемнің екінші ракеткасы, ал 21 жастағы Зарина Дияс тек 31-орында. Бұған дейін теннисшілер кездеспеген еді.  Australian Open ашық чемпионатының төртінші айналымында ресейлік 21-орындағы қытайлық қыз Пэн Шуаймен кездеседі. Ал Шуай осыған дейін тағы бір қазақстандық теннисші Ярослава Шведованы 7:6 (9:7), 6:3 есебімен тізе бүктірген еді. 

Еске сала кетейік, бірінші айналымда Зарина Дияс поляк теннисшісі Урсула Радваньсканы жеңіп, ал екінші айналымда Словакиядан келген Анна Шмидловадан айласып асырды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай