20 қаңтар 2014 14:27

Зарина Дияс Australian Open турнирінің үшінші кезеңінде сүрінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс. Сурет blogspot.com сайтынан Зарина Дияс. Сурет blogspot.com сайтынан

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс "Үлкен дулыға" додасының аясында өтіп жатқан Australian Open турнирінің үшінші кезеңінде әлемнің 11-ші ракеткасы Симона Халептен жеңіліп қалды деп хабарлайды, Vesti.kz. Бірінші сет тартысты болған жоқ. Халеп еш қиындықсыз 6:1 есебімен жеңді. Екінші сетті сәтті бастаған қазақстандық ару ойындағы бірінші брейкті жасаған. Бірақ румын қызы келесі геймде-ақ есепті теңестірді. Бесінші геймде Зарина тағы да қарсыласын қапы қалдырды. Корттағы кездесу тартысты өтіп, көрермендер нағыз теннистің куәсі болды. Әлдеқайда тәжірибелі Халеп жерлесіміздің еркін көсілуіне мүмкіндік берген жоқ. Зарина қанша тырысса да қарсыласы ойынды өз бақылауында ұстап тұрды. Осылайша өзінің спорттық ғұмырындағы ең жоғарғы нәтижені көрсеткен Зарина Дияс Аустралиядағы турнирдің үшінші кезеңіне дейін жетіп, дүбірлі доданың басты сенсациясына айналды. Естеріңізге сала кетейік, 20 жасар қазақстандық теннисші Зарина Дияс бірінші рет "Үлкен дулыға" додасының финалдық сынына дейін жеткен. Іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен жерлесіміз негізгі сынның бірінші кезеңінде чехиялық Катерина Синяковты жеңді. Одан кейін жаңа зеландиялық Марина Эраковичтен басым түсті. Жалпы, турнирдің жекелей додасында қазақстандық теннисшілердің ішіндегі ұзаққа барғаны Зарина Дияс болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети