06 қазан 2014 11:35

Зарина Дияс WTA рейтингінде тұңғыш рет 37-орынға көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс. Фото BOULEVARD Зарина Дияс. Фото BOULEVARD

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде өзінің жақсы нәтижесін қайта жаңалады, - деп хабарлайды Vesti.kz. WTA қауымдастығының жаңартылған рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы 37 сатыға көтерілген. 


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде өзінің жақсы нәтижесін қайта жаңалады, - деп хабарлайды Vesti.kz. WTA қауымдастығының жаңартылған рейтингінде Қазақстанның бірінші ракеткасы 37 сатыға көтерілген. 

Қытайдың Бейжің қаласында Әйелдер теннисі қауымдастығы жарысының екінші тобына шыққанының арқасында Зарина Диястың активінде 1290 ұпай жиналған. Еске сала кетейік, қазақстандық спортшы бірінші топта Чех теннисшісі Клара Коукалованы жеңген болатын, ал екіншісінде неміс спортшысы Анжелик Керберден жеңілген.

Қазақстанның басқа теннисшісі Ярослав Шведова жаңартылған рейтингте 67-орынды сақтап қалған, Юлия Путинцева 121-орыннан 122-орынға төмен сырғыған, ал қазіргі кезде жарыстарға қатыспай жүрген Галина Воскобоева бірден 69 сатыға төмендеп, 260-орында қалған. 

Айта кетейік, Зарина Дияс WTA рейтингінде осыған дейін 39-орында болған еді, ол бұл орынға 2014 жылдың 29 қыркүйегінде көтерілген. Бұған ол Қытайдың Ухань қаласында WTA топтамасы жарысының екінші тобына шыққандығының арқасында қол жеткізді. Қазақстанның бірінші ракеткасы туралы басқа да жаңалықтарды осы жерден оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети