29 шілде 2014 10:28

Зарина Дияс WTA турнирінің 1/8 финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Вашингтонда өтіп жатқан WTA турнирінің 1/8 финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Вашингтонда өтіп жатқан WTA турнирінің 1/8 финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнирдің бірінші айналымында отандасымыз алаң қожайыны Алисия Блэк Торнадомен кездесті. Айта кетейік, 16 жастағы америкалық ару бұл турнирдің негізгі кезеңіне іріктеу арқылы өткен болатын. Десе де, бұл кездесу қазақстандық теннисші үшін қиынға соққан жоқ. Екі сетке жалғасқан матчта Зарина 6:4 және 6:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге өтті. 

Турнирдің үшінші айналымында Дияс енді жапониялық Нара Крум мен америкалық Мэдисон Кис екеуінің бірімен жолығады. 

Еске салайық, өткен аптаның қорытындысы бойынша Зарина Дияс әлемдегі үздік 60 теннисшінің қатарына қосылды. Ол қазір WTA рейтингінің 53 сатысына жайғасқан.   

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети