24 тамыз 2015 14:47

Зарина Дияс Азияның бірінші ракеткасы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс. © zimbio.com Зарина Дияс. © zimbio.com

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс WTA рейтингінде азиялықтар арасында үздік болды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс WTA рейтингінде азиялықтар арасында үздік болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Әйелдердің теннис ассоциациясының жаңарған рейтингінде 21 жастағы Дияс 33-орыннан 34-орынға түсті. Алайда қытай теннисшісі Пэн Шуай одан да көп позицияға төмендеп қалғаннан кейін, яғни 32-орыннан 38-орынға түскеннен кейін Дияс WTA рейтингінде Азияның бірінші ракеткасы болды.

Осыған дейін Азияның үздік ракеткасы атағын ұзақ уақыт бойы Қытайдың теннисшісі Ли На болып келген еді. Ол 2014 жылы қыркүйек айында мансап жолын аяқтады. 

Еске сала кетейік, WTA рейтингінде америкалық Серена Уильямс көш бастап келеді. Одан кейін румын қызы Симона Халеп пен ресейлік Мария Шарапова орналасқан.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети