23 наурыз 2018 11:14

Зарина Дияс екі бірдей "Үлкен дулыға" турнирінің жеңімпазын жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Майамидегі теннис турнирінің үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің жүлде қоры - 8 миллион доллар.


Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Дияс Майамидегі теннис турнирінің үшінші айналымына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Турнирдің жүлде қоры - 8 миллион доллар.

Екінші айналымдағы матчта Дияс ресейлік Светлана Кузнецовамен кездесіп, 6:1, 6:3 есебімен жеңді. Дияс бір рет допты қисық ұрып, кейін төрт брейк-пойнттың төртеуін сәтті жасады, ал Кузнецова матч бойынша брейк-пойнтқа бірде-бір рет қол жеткізе алмады.

Айта кетейік, 24 жастағы Дияс WTA рейтингінде 56-орында тұр, ал 32 жастағы Кузнецова әлемнің 27-ші ракеткасы. Мұның алдында қос теннисші кездесіп көрмегенін айта кетейік. Ресейлік "Үлкен дулыға" турнирін екі мәрте жеңіп алған.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы неміс Карина Виттефт болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети