Зарина Дияс Хобартта өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалына шықты

15 Қаңтар 2015, 09:40
0
Зарина Дияс. ©Vesti.kz
Зарина Дияс. ©Vesti.kz

Зарина Дияс Австралияның Хобарт қаласында өтіп жатқан WTA Hobart International турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстанның бірінгі ракеткасы екінші айналымдағы ойында WTA рейтингінде 60-орынла тұрған словак теннисшісі Даниэла Хантуховаға қарсы ойнады. 1 сағат 36 минутқа созылған ойында Зарина Дияс қарсыласын 7:5, 6:1 есебімен жеңді. Айта кетейік, осыған дейін спортшылар кортта кездеспеген. Жарыстың жартылай финалына шығу үшін қазақстандық теннисші 24 жастағы америкалық Элисон Рискемен ойнайды.

WTA Hobart International жарысындағы бірінші кездесуінде Зарина Дияс 27 жастағы испан теннисшісі Сильвио Солер-Эспиносаны жеңді. Ойын 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. 

Еске сала кетейік, Зарина Дияс Australian Open квалификациясынан бірінші рет өтпейтін болды. Жаңарған WTA рейтингінде ол 31-орын алып тұр. Қазақстанның бірінші ракеткасы туралы басқа да ақпараттарды мына жерден оқи аласыздар.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай