16 сәуір 2017 13:41

Зарина Дияс Қытайда турнир жеңімпазы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Comode.kz © Comode.kz

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс финалдық кездесуде Я-Хсуян Ли 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, Наньнин қаласында өткен ITF Women's Circuit турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс финалдық кездесуде Я-Хсуян Ли 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, Наньнин қаласында өткен ITF Women's Circuit турнирінің жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі теннисші бірінші рет кездесті. Осы ойынға дейін 23 жасатағы Зарина Дияс WTA рейтингінде 242 орында тұрды, ал оның қарсыласы Я-Хсуян Ли - 300-ші орында. 

Еcке салайық, Зарина Дияс бұған дейін жапониялық Аяно Шимицудан басым түссе, бірінші айналымда қытай теннисшісі Ао Гаиді (535) екі сетте 6:3, 7:5 есебімен ұтты. Екінші раундта жерлесіміз жапониялық теннисші Мияби Инуэні (543) 6-4 6-3 есебімен жеңді.Осыған дейін, отандасымыз жартылай финалда қытайлық теннисші Лу Цзинцзиньді 6:1, 6:4 есебімен жеңді.

Турнирдің жүлде қоры 25 мың долларды құрайды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети