16 сәуір 2014 15:33

Зарина Дияс Малайзиядағы WTA турнирінің ширек финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Диас. Сурет: теннисшінің ВК желісіндегі парақшасынан алынды Зарина Диас. Сурет: теннисшінің ВК желісіндегі парақшасынан алынды

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Малайзияның Куала-Лампур қаласында өтіп жатқан  WTA турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.


Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Малайзияның Куала-Лампур қаласында өтіп жатқан  WTA турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Турнирдің алтыншы ракеткасы ретінде келген 20 жастағы Зарина Дияс екінші айналымда итальяндық теннисші Джулия Гатто-Монтиконені 6:1, 6:4 есебімен жеңді. Айта кетейік, Зарина Дияс әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде 93-орында тұр. Ал оның итальяндық қарсыласы 237-орында. Бұған дейін теннисшілер бір-біріне қарсы ойнамаған.

Енді ширек финалда қазақстандық теннисшінің қарсыласы әлемнің оныншы ракеткасы 26 жастағы Доминика Цибулкова болуы мүмкін. Бірақ ол үшін словакиялық теннисші алдымен Пемру Озенді, кейін тайпейлік Су-Вей Сені ұтуы керек.

Еске сала кетейік, бұл турнирдің бірінші айналымында Зарина Дияс 31 жастағы Элени Данилидуды 6:2, 6:2 есебімен жеңген болатын.  

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети