04 қаңтар 2018 16:43

Зарина Дияс мансабында Мария Шараповадан үшінші рет жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Шэньчжен қаласында өтіп жатқан WTA санатындағы халықаралық турнирдің жартылай финалына шыға алмады. Отандасымыз ширек финалда ресейлік теннисші Мария Шараповаға жол берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші сетте Зарина 6:3 есебімен есе жіберді. Екінші сет басында теннисшілер бір-бір брейк алмасты. Кейінгі геймдерде қазақстандық теннисші аздап басымдыққа ие болғанмен, 3:3 есебінен кейін Марияның мысы басты. Нәтижесінде екінші сет те 6:3 есебімен ресейлік теннисшінің еншісінде кетті.

Зарина Дияс Мария Шараповамен спорттық мансабында үшінші рет кортта кездесті. Осыған дейін 2015 жылы өткен екі ойында да ресейлік теннисші жеңіп кеткен еді.

Қазіргі таңда Зарина Дияс WTA рейтингінде 66-орында келеді. Ал Мария Шарапова болса 59-орында тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети