Зарина Дияс мансап жолында Серена Уильямстан үшінші рет жеңіліп қалды 09 наурыз 2018, 13:15

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс мансап жолында америкалық теннисші Серена Уильямстан үшінші рет жеңіліске ұшырады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Матч АҚШ-тағы Индиан-Уэллс қаласында өткен. Жүлде - 8 миллион доллар. Кездесу 7:5, 6:3 есебімен аяқталып, америкалық спортшы жеңіске жеткен.
Айта кетейік, спортшы қыздар осымен үшінші рет кездесті.