08 қазан 2014 14:11

Зарина Дияс Сингапурда өтетін жас жұлдыздар турниріне іріктелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

BOULEVARD BOULEVARD

Теннисші Зарина Дияс жанкүйерлерінің қолдауымен Сингапурда өтетін WTA Rising Stars жарысына таңдап алынды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Әлем және Азия мен мұхитты елдер топтары бойынша дауыс беру бір айға жалғасты. 


Теннисші Зарина Дияс жанкүйерлерінің қолдауымен Сингапурда өтетін WTA Rising Stars жарысына таңдап алынды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Әлем және Азия мен мұхитты елдер топтары бойынша дауыс беру бір айға жалғасты. 

Әлемдік топта 20,65 пайыз дауыс жинаған пуэрторикалық Моника Пуиг жеңімпаз атанса, америкалық Шелби Роджерс 16,47 пайыз дауыс жинап, екінші орынды иеленді. Ал Азия мен мұхитты елдер аймағында қытайлық Чжен Сайсай 17,72 пайыз дауыс жинап жеңімпаз болды. Зарина Дияс болса, 15,74 пайыз дауыс жинады. Осы төрт спортшы енді Сингапурда өнер көрсететін болады. Жарыс туралы толық ақпаратты мына жерден оқи аласыздар.

Қазір қазақстандық спортшы Жапонияның Осака қаласында WTA жарысына қатысып жатыр. Еске сала кетсек, бұған дейін Зарина Дияс Бейжіңдегі турнирдің екінші кезеңіне өтіп, WTA рейтингінде бірінші рет 37-ші орынға көтерілген еді. бірінші кезеңде ол чех теннисшісі Клара Коукалованы ұтса, кейін неміс Анжелика Керберге есен жіберген. Заринаның бұған дейінгі үздік көрсеткіші 39-шы орын болған. Бұл көрсеткішке ол 2014 жылы 29 қыркүйекте Қытайдың Ухан қаласында өткен жарысында екінші кезеңге өткен соң жеткен еді. Қазақстандық теннисші әртүрлі жарыстарға қатысып бір жылда 500 мың доллар пайда тапқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети