1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Теннис

Зарина Дияс WTA рейтингінде 37 сатыға көтерілді 18 қыркүйек 2017, 14:17

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 37 орын жоғарылап, 63-орынға табан тіреді, - деп хабарлайды
© instagram.com/zarinadiyas © instagram.com/zarinadiyas

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жаңарған WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 37 орын жоғарылап, 63-орынға табан тіреді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Зарина Japan Women's Open Tennis финалында жапон теннисшісі Миа Катоны бірінші сетте 6:2 есебімен жеңсе, екінші сетте 7:5 есебімен басым шықты. Бұл отандасымыздың спорттық мансабындағы ең ірі жеңістерінің бірі. 

Қазақстандық теннисші жарыс жеңімпазы атанып қана қоймай, 280 рейтингтік ұпайға ие болды. Сондай-ақ 43 000 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алатын болады.

"Бұл жеңісімді барша қазақстандықтарға арнаймын! Қолдау көрсетіп, сенім артқандарыңызға мыңда бір рахмет! Алға Қазақстан!" - деп жазды теннисші Іnstagram желісіндегі парақшасында.